379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің оңтүстігінде егіс науқаны басталды

  • 427
  • UPD: 10:27, 05.04.2019

 

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында көктемгі егіс науқаны басталды.

Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан облысында өткен көшпелі баспасөз мәслихатында айтылды. Ауыл шаруашылығы басқармаларының алдын ала ақпаратына сәйкес, 2019 жылы жалпы аумағы 22 млн 300 мың гектар аумаққа егін салу көзделген. Бұл өткен жылға қарағанда шамамен 291 мың гектарға артық.

Ақбар Мәуленовтің айтуынша, жалпы, республиканың агроөнеркәсіптік кешенінде қазіргі таңда 147 мың трактор, шамамен 4 мың жоғары өнімді егіс кешені, 80 мыңға жуық сепкіш пен 250 мың топырақ өңдейтін құрал бар. Көктемгі егіс науқанын жүргізу үшін тракторлардың дайындығы 91 процентті, егіс кешендерінің дайындығы 100 процентті құрады.

Энергетика министрлігінің мақұлдауымен биыл егін салу жұмыстарына 380 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, Энергетика министрлігі мұнай өңдеу зауыттарынан шығарылатын 1 литр жанар-жағармай құны 160 теңгеге тең. Тасымалдау шығыны ескеріліп, өңірлерде оның литрі 176 теңге болады деп болжануда. Бұл нарықтағы бағадан 10 процентке арзан дейді басқарма басшысы.

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында кеше өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 15 центке түсіп, 69 доллар 31 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 36 центке арзандап, бір баррелі 62 доллар 1 центке тең болды.

Хабар 24 телеарнасы