379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде жыл сайын 100 мың адам тақыр кедейлікке ұшырайды

  • 360
  • UPD: 13:59, 10.04.2019

БҰҰ-ның хабарлауынша, бұған сапалы әрі арзан медициналық көмектің қолжетімсіздігі себеп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бас хатшы Антониу Гутерриш денсаулыққа әсерін тигізетін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық факторларға жіті назар аудару керектігін айтты. Белгілі болғандай, дамыған елдерде бұл салаға қатысты жан басына шаққандағы жыл сайынғы орташа шығын 270 доллар болса, табыс деңгейі төмен елдерде 60 доллардан аспайды.

***

«Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында болашағы бар деген 1500 елді мекен анықталады.

Бірақ өкінішке қарай, ауыл тірлігіне жастарды тарту бұл күндері мұң болып тұр.

Ауыл шаруашылығы бойынша білім алып жатқан жастар көп. Бірақ туған жердің түтінін түтетуге ниетті түлектер 30% де жетпейді.

Елімізде 7 мың ветеринар болса, тағы 4 мыңы сұраныста. Ауыл шаруашылығына қатысты білім алып, диплом арқалағандардың 70% өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Бұған лайықты қызмет, жайлы баспана, қолжетімді бағадағы азық-түлік пен басқа да жағдайлардың жоқтығы себеп. Бірақ Жастар жылында «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына қатысушылар 100 АЕК мөлшерінде жәрдемақы алады. Бұған дейін 70 АЕК болған. Енді «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында елдімекендер көркейеді, инфрақұрылым дамиды.

 ***

Ресейліктер сапасыз медициналық қызметтен баз кешті

Ресейліктер болса, дәрігерлік көмектен бас тартуға бекініп отыр. Зейнеткерлердің 40, жастардың 25% астамы өзін-өзі емдеуді құп көреді екен. Бар гәп, қызмет көрсету сапасына көңілі толмауында. Алайда, «Пациенттерді қорғау лигасының» президенті Александр Саверскийдің айтуынша, бұлай жасау, ауруды асқындыруы ықтимал. Кейін науқас пен мемлекет екі есе шығынға ұшырайды. Сондықтан дәрігерлердің жалақысын көтеріп, біліктілігін арттырған тиімді деген ұсыныс білдірді.

Еліміздегі ипотекалау үлесі рекордтық көрсеткішке жетті. Берілген қарыз бір жыл ішінде 22% артып, 1,3 трлн теңгені құрады. Несиенің 97% теңгемен алынған. Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 9,3% тең. Мамандар жыл соңында ипотекалық қарыз 1,5 трлн теңгеден асады деп болжауда. Себебі, дәл қазір несиелеудің өзге түріне қарағанда ипотеканың үлесі басым. Оның өзінде мемлекеттік бағдарламаға иек артатындар көп.

Қазір «7-20-25» бағдарламасына сенім артатындар өте көп. Ипотекалау үлесінің өткен айда рекордық көрсеткішке жетуіне де осы үрдіс оң ықпал еткен. Бүгінде 77,5 млрд теңге болатын 6,5 мың өтініш мақұлданып үлгерді. Оның 345 млрд теңгесі алматылықтарға тиесіл.

Қазақстан қор биржасында 1 доллар шамамен 379 теңге 77 тиын.

Хабар 24 телеарнасы