379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 20 цифрлық және 4000 ілгері ферма бой көтереді

  • 402
  • UPD: 10:47, 12.04.2019

Ауыл шаруашылығын цифрландыру үрдісі оң нәтижесін беріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар да айтарлықтай. Алдағы 5 жылда саладағы еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады. Күтілетін пайда – 1 трлн теңге.

Ауыл шаруашылығын сандық форматқа көшіру – межелі мақсат. Оның аясында онлайн-кеңес, дизель отынын онлайн тарату сынды бастамалар қолға алынбақ.

2020 жылы елімізде фермерлерге онлайн-кеңес беру жүйесі енгізіледі. «Uber» үлгісіне негізделген оқыту үрдісі кәсіпкерлік, агрономия, тұқым шаруашылығы сынды бағыттарды қамтиды. Цифрландыру бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар мұнымен шектелмейді. 2021 жылдан бастап, ауыл шаруашылығы өкілдері онлайн-несие рәсімдеуге мүмкіндік алады. Бұл уақытты үнемдеп қоймай, фермерлердің шығынын азайтады дейді мамандар. Айтпақшы, ағымдағы жылы бірінші шілдеден бастап, кей өңірлерде жер телімдерін онлайн алу мүмкіндігі туады. Екі жылдан кейін бұл үрдіс республика көлемінде қабылданбақ. Мақсат – ашықтыққа қол жеткізу. Жалпы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында елімізде 20 цифрлық және 4000 ілгері ферма бой көтереді. Мамандардың пікірінше, жаңашылдықтар саланың дамуына оң ықпал етуі тиіс.

Мысалы, Павлодар облысында дизель отынын электронды түрде тарату үрдісі жақсы нәтижесін берді. Жалпы осы жоба аясында 17000-ға жуық электронды өтінім келіп түскен екен. Айта кетейін, цифрлық технологияны қолдану арқылы еңбек өнімділігін еселеген өңірлер бар. Әлемдік тәжірибе де бұл бастаманың тиімділігін айғақтап отырғаны даусыз.

Халықаралық электробайланыс одағының есебінше, еліміз киберқауіпсіздіктің жаһандық индексінде 42-тармаққа көтеріліп, 40-орынға тұрақтады. Деме, Қазақстан киберқауіптерге қарсы тұру дайындығы жоғары мемлекеттер қатарында. Ал көшті Ұлыбритания мен АҚШ бастайды. Тізімді Мальдив елі түйіндейді. Айта кетерлігі, соңғы жарты жылда еліміздегі 140 мың веб сайтқа 600-ден аса кибершабуыл жасалған. Былтыр мемлекеттік мекемелердің киберқауіпсіздігін сақтау үшін бюджеттен 71 миллиард теңге бөлінді. Қазір еліміздегі әрбір үшінші компьютерде вирус бар. Ал кибер саланы дамыту үшін 30 мыңға жуық маман жетіспейді екен.

Табиғи апат салдарынан экономикасына залал тиген елдердің тізім басында Үндістан тұр. Бұл елде табиғат жиі дүрлігетін көрінеді. Бұған циклонға тәуелді ылғалды климат себеп. Ал таулы аймақтарда қар көшкіні орын алып тұрады. АҚШ-та да әртүрлі ландшафт шоғырланған. Салдарынан апаттар да жиі орын алады. Деректер 72 млн қытайлық азаматтың осындай апаттан көз жұмғанын көрсетеді. Ең үлкен экономикалық шығын осы мемлекетте тіркелген. Эфиопия, Малави, Гаити, Сомали, Филиппин сияқты мемлекеттер де табиғи апаттан біраз шығынға ұшыраған болатын.

Ал Венесуэлада мұнай өндірісі тәулігіне 870000 баррельге дейін азайды. Бұған электр жүйесіне түскен күш пен АҚШ санкциясы себеп. Елдің экономика министрлігі наурыз айында мұнай күніне 270000 баррельге дейін азайғанын хабарлады. Жылдық мөлшерде тәулігіне 600 мың баррельге кеміген. ОПЕК-тің хабарлауынша, наурыздағы көрсеткіш ақпандағымен салыстырғанда 500 мыңға азайып, тәулігіне 960.000 баррелді құрады.

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы теңгеге шаққанда 2 теңгеге арзандап, 377 теңге 96 тиынды құрауда.

Хабар 24 телеарнасы