378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экономикалық еркіндік рейтингісінде Қазақстан 59-орынға тұрақтады

  • 607
  • UPD: 10:32, 19.04.2019

Еліміздегі құмар ойыншылардың әрқайсысында 10 млн теңгеден қарызы бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Букмекерлік кеңселерде күніне 900, жылына 350 мың адам бәс тігеді. Тіпті кей компаниялардың жылдық кірісі 250 млрд теңгеден асады. Ұлттық банк алдағы уақытта ломбард, онлайн-несие, жедел ақша секілді қаржылық ұйымдардың жұмысын қадағалайтын болады.

2005 жылға дейін ломбардтар Ұлттық банкпен қадағаланып тұрды. Халық үшін жеңіл ақша көзі саналатын мұндай ұйымдар жұмысы енді реттелуі тиіс. Бас банктің заң департаменті құжатқа осы тұрғыда өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Экономикалық еркіндік рейтингісінде еліміз 59-орынға тұрақтады. Былтыр ғана 18 сатыға жоғары болғанымызды айта кетейік. Америкалық «Мирас қоры» жүргізген зерттеуге 180 мемлекет таңдалып алынды. 90 балл жинаған Гонконг көш бастады. Сингапур 89,4 ұпаймен екінші тұғырдан көрінді. Жаңа Зеландия 84,4 ұпай жинап, үштікті түйіндеді. Швейцария, Австралия, Ирландияның да көрсеткіштері жоғары бағаланған. 59-орынды місе тұтқан елімізге биыл 65,4 ұпай бұйырды. Осылайша орташа еркін экономикалы мемлекеттер қатарынан көрініп отырмыз. Бағалауға 12 көрсеткіш негіз болса, еліміз оның төртеуін ғана еңсерген. Олар – мүліктік құқық, ақша бостандығы, салықтық жүктеме және сауда еркіндігі.

Өткен айда елімізде 289 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істеді. Бұл былтырғы уақытпен салыстырғанда 8,8 процентке көп. Кіші кәсіпорындар бір жылда 1,4 процентке кеміді. Қазір олардың саны 21 мыңға жуық. Мемлекеттік шағын ұйымдар 57 пайызға артып, 3,5 мыңға жетті. Ал ірі бизнесте мемлекет үлесі 45,4 процентке артып, 12 мыңға жуықтаған. Айта кетейін, елімізде шағын және орта бизнестің рөлін күшейтіп, оның ел экономикасындағы үлесін 2025 жылға қарай 35%-ға дейін жеткізу міндеті тұр.

Расымен де, жоғарыда көрсетілген компаниялардың 3 пайызы, яғни 17000-нан астамы креативті индустрия саласында жұмыс істеп жатыр. Олардың 8000-ы Алматыда. Жалпы әлемдегі жұмысшы халықтың 1 проценті, яғни 29 млн адам осы салада еңбек етеді. Көбі Ұлыбританияда тұрады. Ел экономикасына жыл сайын 92 миллионнан астам фунт түсіп жатыр.

Бірінші маусымнан бастап, Ресейден Украинаға мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау арнайы рұқсатпен ғана жүзеге асады. Экспортқа да шектеу қойылуы мүмкін. Оған қоса, межелі уақыттан кейін тасымалдануы ықтимал тауарлар тізімі жасалуда. Ресейдің Үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің айтуынша, украиналық машина жасау өнімдерін елге тасымалдауға тыйым салынады.

Ал Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 379 теңге 19 тиынды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы