378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылы маңғыстаулық студенттер жатақханамен толық қамтылады

  • 407
  • UPD: 12:48, 24.04.2019

2021 жылы Маңғыстау облысында студенттер жатақханамен толық қамтылады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аппараттық жиында білім басқармасының басшысы Асқар Сейдалиев осылай деп уәде етті. Жалпы қазіргі таңда өңірде студенттер тарапынан шамамен мың жарым орынға сұраныс бар.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, 2 жыл ішінде 9 жатақхана пайдалануға берілмек. Биылдан бастап Ақтау технологиялық қызмет көрсету және Маңғыстау энергетикалық колледждері жанынан жалпы 600 орындық, 17-шағын ауданнан 500 орындық нысан салынады. Тағы да бірнеше жобаның сметалық-құжаттары қаралып жатыр. Осылайша, биыл 970 орындық 3 жатақхана, 2021 жылдың соңына дейін 2100 орындық 5 жатақхана қолданысқа беріледі деп күтіліп отыр. Қазір облыста 2 жоғарғы оқу орнында шамамен 7 мың студент, 27 колледжде 21 мыңнан астам студент оқиды. Өңірдегі 6 жатақханада 1 500-ден астам жас орынмен қамтылған.

Корпоративтік табыс салығы 19% өсті

Елде корпоративтік табыс салығы шамамен 20 процентке өсіп, құны 468 млрд теңгеден асқан. Осы көрсеткішке 2019 жылдың бірінші тоқсанында-ақ қол жеткізілді. Қызығы сол, жоғарыдағы табыс көлемі мұнай саласынан түскен кірістерді қарастырмайды. Қаражат ел бюджетіне тек заңды тұлғалардың төлеген салығын қамтиды. Мәселен, өткен жылғы кезеңде ел қазынасы 394 млрд теңгеге толықты. Көш басында Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары. Ал өңірлер арасында Шығыс Қазақстан облысының салықтық түсімі көп. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда 70 процентке өскен. Ал Ақтөбе облысында керісінше, 22 процентке кеміген. Айта кетейік, сарапшылардың айтуынша, корпоративтік табыс салығының көлемі шағын және орта бизнес нысандарына түсетін қаржылай пайда көлеміне тікелей байланысты.

Әлемдік мұнай бағасы өсті

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 11 центке өсіп, 74 доллар 36 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 75 центке қымбаттап, бір баррелі 66 доллар 3 центке тең болды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 377 теңге 33 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 379-380 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы