389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2020 жылы Қазақстан экономикасының өсімі бәсеңдейді

  • 796
  • UPD: 10:47, 25.04.2019

Қазақстан мен Қытай арасында 3 млн тоннадан астам жүк тасымалданды.

Өткен жылы тасымал көлемі 14 млн тонна шамасында болып, 2017 жылға қарағанда 38%-ке артқан. Қазақстан мен Қытай арасында 3 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Былтыр тасымал көлемі 14 млн тоннаға жуықтап, алдыңғы жылғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 40 процентке артыпты. Ал жыл басынан 3,6 млн тонна тасымалданғанын есепке алсақ, бұл өткен жылғы кезеңге қарағанда 25%-ке артық. Былтыр екі елдің контейнер тасымал көлемі шамамен 594 мың жиырма фунттық баламасына жетіп, алдыңғы жылғыдан 4%-ке көбейген. Ал соңғы 2 айда контейнерлік тасымал мөлшері 103 мың 662 жиырма фунттық баламаға тең болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ке жоғарылаған. 2019 жылдың екінші тоқсанында Алашанкоу – Достық, Қорғас – Алтынкөл мемлекетаралық түйіспе пункттері арқылы Қытайдан Қазақстанға және керісінше қатынайтын контейнерлер мен вагон жүктері жөніндегі электрондық ақпарат алмасу жоспарланып отыр.

Қарағанды облысында күннен қуат жинайтын электр стансасы іске қосылды. Осылайша отандық энергетикалық кешен жаңартылатын энергия көздерінің тағы бір нысанымен толықты. Балқаш маңындағы «Гүлшат» кентінде орналасқан күн электр стансасына салынған инвестиция көлемі 46 млн АҚШ долларын құрады. Жалпы аумағы 104 гектарға тең жер учаскесіне 120 мыңнан астам панель орналасқан. Қуаты 40 МВт-ты құрайтын нысан Балқаш сияқты 5 қаланы энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы. Жыл сайын кешен сағатына 58 млн кВ-тан астам электр энергиясын өндіреді. Нысанның құрылысына 300 адам жұмылдырылды. Бүгінде стансада 20 маман тұрақты жұмыспен қамтылды.

2020 жылы Қазақстан экономикасының өсімі бәсеңдейді

Келер жылы ел экономикасының өсімі бәсеңдейді. Халықаралық «Фитч» рейтингілік агенттігінің Қазақстанға қатысты болжамы осындай, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан. Сарапшылар экономикалық баяулау кезеңін елде мұнай өндіру көлемінің азаятындығымен байланыстырып отыр. Артынша, инфляция дейгейі де төмендейді. Өткен жылы Қазақстан экономикасы 4,1 процентке өссе, инфляция көрсеткіші 5,3 процентті құраған. Биылғы болжам бойынша жалпы ішкі өнім көлемі 3,8 процентке ғана жетеді. Тәуелсіз рейтинг талдау тобының директоры Марина Стефанидің айтуынша, алдағы жылдары отандық қара алтын бағасы түссе, тұтынушылар тауары импорты қарқын алады.

Әлемдік мұнай бағасы $70 асты

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 11 центке өсіп, 74 доллар 36 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) маусым айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 75 центке қымбаттап, бір баррелі 66 доллар 3 центке тең болды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 378 теңге 56 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380 теңгеге сатып алуға болады.

Авторы: Мейірлан Алтынбек

Хабар 24 телеарнасы