378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар тұрғын үй нарығына жаңа серпін берді

  • 550
  • UPD: 12:39, 26.04.2019

Биыл наурыз айында қазақстандықтар баспана сатып алу және сату бойынша 19 мың келісімшарт жасаған.

Қазақстан экономикасына сараптама жасайтын ranking.kz порталына сүйенсек, мұндай үдеріс былтыр басталған 7-20-25 бағдарламасымен байланысты. 2018 жылы нарықтағы келісімшарттар саны 19% -ке дейін өсті. Жылдық өсімнің жоғары қарқыны биыл да сақталуда. Жеңілдетілген несиемен баспана алғысы келетіндерге бағаның қымбаттағаны да кедергі болмаған.

Аспанасты елінің компаниялары көптеген жобаларды қаржыландырумен айналысады. «Бір белдеу, бір жол» аясындағы бастамалардың бірі Қытай-Лаос темір жолы.

Ұзындығы 400 шақырым. Басым бөлігі көпірлер мен жерасты өткелдерінен тұрады. Оған 40 млн юань инвестиция тартылған. Тағы бір жоба Индонезиядағы темір жол құрылысы. 2017 жылы қытайлық корпорация Джакарта-Бандунг желісіне 11 жүрдек пойызын жеткізу туралы келісім-шарт жасады. Поездардың жылдамдығы сағатына 350 шарымға жетеді. Қытай жобаның сәтті жүзеге асырылатына сенімді. Сондай-ақ Суэц каналының экономикалық аймағында Қытай Халық Республикасының 70-ке жуық ірі кәсіпорыны жұмыс істейді.  Қытайлық компаниялар Африка елдерін қосатын темір жол құрылысына да мердігерлерлік етеді.

Мысалы, 2019 жылдың наурызында жаңа тұрғын үйдегі бір шаршы метрдің құны 278 мың теңге болған. Яғни бір жылда баға 6 % шамасында өскен. Баспана нарығындағы сатуп алу-сату келісімшарттарының үлесі бойынша Алматы алдыңғы қатарда. Өңірде 3,5 мыңнан астам келісімшарт жасалған. Үштікке Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.

Биыл қазақстандықтар 120 млрд теңгеге 13 мыңнан астам көлік сатып алған. «ҚазАвтоЖол» АҚ  2019 жылдың І тоқсанынын қорытындыдалы. Оған сай бір көліктің бағасы орта есеппен 8 миллион теңгеден асады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  9 % жоғары.  Мұндағы отандық көліктердің бағасы нарықтағыдан айтарлықтай төмен.  6,5 млн теңге. Импорттық көліктің құны 10 млн теңге көлемінде тіркелген. Тұтынушылар тобын тізбектесек. Темір тұлпар сатып алғандардың үштен бір бөлігі бағасы 5 млн теңгеден аспайтын көлікті құнттаған. 12,4% 7 мен 10 млн теңге аралығындағы көліктерді таңдаған. Айта кетейік, бұл нарықтың шамамен 27 % бизнес және премиум санаттағы,, ал 11% жаңа көліктерге тиесілі. Сараптамаға сай бағасы қымбат техниканың үлесі артқаны байқалады. Мамандар мұны бизнес санаттағы седандардың қолжетімділігімен байланыстырады.

Еліміздегі ірі компанияларда 28 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Әсіресе жоғары жалақы төленетін өңірлерде қызметкерлерге деген сұраныс жоғары. Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Атырау облысын атап өтуге болады. Жыл басынан бері жүргізілген тіркеуге сәйкес, ірі және орта компанияларда 2,4 млн адам жұмыс істейді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1,5 % жоғары. energyprom.kz сараптама агенттігінің хабарлауынша, ең үлкен өсім тұрмыстық қызмет секторында  байқалды. 

Өсім бірден 17,3% асады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек саудада қызметкерлер санының өсу қарқыны жоғары; көлік жөндеумен айналысатындар саны жылына 11,3% көбейген. Ал жылжымайтын мүлік саласында жұмыспен қамтылғандар санының айтарлықтай төмендеуі байқалды. Көрсеткіш бір жылда 28,7% түскен.

Хабар 24 телеарнасы