378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елдегі көліктердің 64% ескірген

  • 427
  • UPD: 11:16, 03.05.2019

Елдегі көліктердің жартысынан астамы 10 жыл бұрын шығарылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл дегеніміз – шамамен 2 млн 400 мың темір тұлпар.

Елдегі көліктердің 64 проценті 10 жыл бұрын шығарылған. Жалпы Қазақстандағы жеңіл көліктердің саны жылдың алғашқы екі айында 3 млн 700 мыңға дейін азайған. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 4,6 процентке кем. Ранкинг.кз сайты ұсынған деректер осындай. Елдегі барлық көліктің 3,5 млн-ы жеке тұлғалардың атына рәсімделген. Яғни былтырғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 5 процентке кем. Осы жылдың ақпан айында елде 77 мың 800 жеңіл көлік тіркелген. Оның шамамен 97 проценті жеке тұлғаларға тиесілі. 2019 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда тіркелген темір тұлпар саны 3,7 процентке азайғанын байқауға болады. Ал өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,7 процентке ұлғайған. Айта кетейік, шығарылғанына 10 жыл толған көліктердің саны бір жыл ішінде 0,4 процентке өскен. Ал 3 пен 7 жыл аралығындағы темір тұлпар саны 25,7 процентке артып, шамамен 567 мың бірлікке жеткен. 3 жылға дейінгі жаңа көліктердің саны жыл ішінде 32,2 процентке кеміп, 381 мың 500 бірлікке дейін азайды. Ал қозғалтқышының көлемі бойынша 1,5 мен 2 мың текше см. болатын жеңіл көліктердің саны 0,7 процентке азайып, 1 млн 700 мыңды құрады. Қызығы сол, жанармайды көп қажет ететін техника саны 31 процентке дейін өсіп, 90 мың бірлікке жетіп отыр.  

«General Motors-тың» таза табыс көлемі 2 есе өсті

Америкалық «General Motors» корпорациясының соңғы 4 айдағы таза табыс көлемі 2,1 есе өсіп, 2 млрд 157 млн долларды құрады. Бұл туралы «Вести Экономика» сайты компания деректеріне сілтеме жасап хабарлаған. 2019 жылдың 1-тоқсан қорытындысы бойынша бытыраңқы акционерлік капитал 1 доллар 48 центке өсті. Бір жыл бұрынғы көрсеткіш небәрі 72 цент болатын. Түзетілген көрсеткіш болса 1 доллар 41 центті құрады. Акцияға жасалған болжамнан 30 центке көп болды. Алайда компанияның жалпы табыс көлемі 3,4 процентке қысқарып, 34 млрд 878 млн долларға түсті. «General Motors» 1-тоқсандағы операциялық нәтижесі қаңтарда жасалған болжамға сәйкес келеді, дейді компанияның бас директоры Мэри Барра. Ал әлем бойынша 2019 жылдың алғашқы 3 айында 1 млн 879 мың бірлік көлік сатылған. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 10,4 процентке аз. Төмен көрсеткіш бірқатар аймақта байқалып отыр. Айта кетейік, «General Motors» әлемнің 30 елінде жеңіл және жүк көліктерін өндіріп, 140 елге сатады. Концернның штаб-пәтері Мичиган штатының Детройт қаласында орналасқан.

Елде 500 британдық компания бар

Ұлыбритания премьер-министрінің сауда уәкілі, баронесса Николсон Винтерборн Қазақстанда жұмыс сапарымен жүр. Екі мемлекет арасындағы сауда байланыстарын нығайтуға арналған 6 күндік іссапар туралы Ұлыбритания билігінің ресми сайтында да жарияланған. Премьер-министрдің сауда уәкілі 28 сәуір күні алтыкүндік сапарға Қазақстанға кетті. Ол Қазақстанның Алматы, Атырау және Нұр-Сұлтан қалаларында болады. Бұл – баронессаның Қазақстанға алғашқы сапары. Атырау мен Алматы қаласына ол Ұлыбританияның Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы сауда әкілі Джудит Слейтермен бірге барады», - делінген сайтта. Сондай-ақ порталда Николсонның Атырау мен Алматы облыстары әкімдерімен кездесіп, мұнай саласындағы серіктестік туралы форумға және британдық автосалонының ашылуына қатысатыны туралы жазылған. Алматыда сауда уәкілі Британ сауда палатасы мүшелерімен кездесуді де жоспарлап қойған. Ал елордада іскер әйелдермен жүздесіп, білім саласындағы екіжақты байланысты нығайту бойынша жауапты басшылармен кездеседі, - делінген ақпаратта. Айта кету керек, бүгінде елде 500-ден астам британдық компания жұмыс істейді.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 380 теңге 89 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 382 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы