379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экономика жаңалықтары. Ресей алтын сатып алудан бірінші орынға шықты

  • 289
  • UPD: 12:05, 08.05.2019

Биыл әлем елдері алтын қорларын 145,5 тоннаға толықтырған. 

«Ресей Орталық Банкі 2019 жылдың бірінші тоқсанында сатып алынған алтын саны бойынша бірінші орында тұр. Бұл АҚШ долларына тәуелділікті азайту үшін жасалған әрекеттер нәтижесі» деп хабарлайды алтын бойынша Дүниежүзілік кеңес (WGC). Олардың айтуынша,  Ресей бірінші тоқсанда 55 тоннадан астам алтын сатып алған. Осылайша, Федерацияның алтын қоры 2188 тоннадан асты. Ал былтыр Ресей 274 тонна алтын алған. Алтын бойынша Дүниежүзілік кеңестің есебіне сүйенсек, менделеев кестесінің бұл элементін сатып алушыларыдың қаратында Қазақстан, Түркия, Үндістан мемлекеттері бар. Сонымен қатар Қытай, Эквадор, Катар және Колумбия елдері де өздерінің алтын қорын толықтырған.

Көптеген Азия мемлекеттерінде экономикалық даму жақсы. Дегенмен, биыл оның өсу қарқыны 5,7 %, ал 2020 жылы 5,6%-ке дейін баяулайды деп болжайды Азия Даму банкі. Салыстыратын болсақ, былтыр бұл көрсеткіш 5,9% болған. Сарапшылардың пікірінше, Азияның жаңа индустриалды дамыған аймақтарына кіретін Гонконг, Корея Республикасы, Сингапур және Тайбэй елдерінен басқа өңірлерде 2019 жылы экономикалық өсім 6% асады. Мамандар бұны мұнай бағасының төмендеуімен байланыстырады. Сондай-ақ, АҚШ пен Қытайдың сауда текетірестері де экономикалық өсімге әсер етеді. Болжам бойынша, биыл Үндістанда экономикалық өсім деңгейі 7,2% ке көтеріледі. Бұл елдегі проценттік мөлшерлеменің төмендеуімен  және шаруалардың кірістерін қолдауға бағытталған шаралармен байланысты. Экономистердің айтуынша, биыл Тынық мұхиты аумағындағы елдердің экономикалық өсімі оң нәтиже көрсетеді. 

Маңғыстау облысында қалдықтарды термиялық жою зауытын салу жоспарлануда. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлайды. Ведомствода келтірген ақпаратқа сай, сәуір айында жобаны жүзеге асыру үшін өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері операторы, өңірлік әкімдік пен Hanki Industrial Co. Ltd арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. «Төмен температуралы пиролизді қалдықтарды газдандыру жобасы қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу сатысында тұр. Оны әзірлеуден кейін жобалау-сметалық құжаттамалар дайындалады», делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында. Термиялық жою қайта өңдеуге келмейтін қалдықтарға қолданылады. Негізінен бұл олардың құрамындағы пайдалы компоненттерді алу үшін жасалады.

Хабар 24 телеарнасы