378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан тұрғын үйді пайдалануға беру жағынан ТМД-да көш бастайды

  • 252
  • UPD: 15:26, 16.05.2019

Жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы өзара тауар айналымы 4 млрд 447 млн долларға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Оның ішінде экспорт – 1 млрд 345 млн доллар, импорт үлесі 3 млрд 103 млн долларды құраған.

Иә, әсіресе, Ресеймен байланыс мығым. Өзара сауда 92,8%-ке жеткен. Ал Армениямен 0,1 процент деңгейінде. Жалпы, жыл басынан бері еліміз сырт мемлекеттермен 20 млрд АҚШ долларына өзара сауда жасасты.

Тұрғын үй құрылысы қарқынды

Қазақстан тұрғын үйді пайдалануға беру жағынан ТМД-да көш бастайды. Мысалы, өткен жылы ғана 113 мың отбасы қоныс тойын тойланған. Биыл елімізде 115 мың жаңа пәтер салынады. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың  мәліметінше, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысында құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Бірақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында көрсеткіш төмен. Жалпы, жыл соңына мемлекеттік инвестиция есебінен 20 мың пәтер, яғни 1,3 млн шаршы метр баспана салынуы тиіс.

2030 жылы психикалық дерттің белең алуынан әлем экономикасы 16 трлн доллар шығын көреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай дерек келтіреді. Бүгінде жаһан тұғындарының кем дегенде 10 пайызы психикалық ауытқушылыққа ұшыраған. Басты себеп – тұрмыс ауыртпашылығы, ақпараттық технологиялар, т.б. болуы мүмкін. 2010 жылы да дерттің өршуі салдарынан 2,5 трлн доллар көкке ұшқан. Бұған еңбекке жарамсыз халықтың көбеюі және науқастарды емдеу шығыны түрткі болды. Бүгінде дамыған елдерде аталмыш дертпен күрес қарқынды жүріп жатыр. Ал дамушы мемлекеттер әлі кірісе қоймады. Жалпы, 36 мемлекет 2016-2020 жылдар аралығындағы азаматтардың психикалық денсаулығын күтуге 141 млрд доллар бөлген. ДДҰ қаржының ақталатынына сенімді. Айтуларынша, күйзелісті емдеуден 230 млрд доллар, түрлі психикалық ауытқушылық салдарын жоюдан 169 млрд доллар қазынаға қайтып оралады.

2020 жылдан бастап көп балалы ата-ананың салығы азаяды. Бір ғана шартпен. Ата-ананың екеуін қоса алғанда жылдық салық шегерісі 282 АЕК-тен аспауы керек. Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, жаңашылдықтар Қазақстан Республикасы кодексінің 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 347-бабында қарастырылған. Алайда баптың күші 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатылған. Жаңа жылдан бастап төрт немесе одан көп кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар жеке тұлғаларға қатысты қолданылады. Көп балалы отбасы екені балалардың туу куәлігімен расталады.

Ал Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 379 теңге 63 тиынды құрайды.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы