382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ең арзан жалдамалы пәтер қанша тұрады?

  • 383
  • UPD: 10:51, 20.05.2019

Жалдамалы баспана нарығына бірінші кезекте отандық сайттар арқылы көз жүгірттік.

Бірнеше хабарландырудағы ұсыныс пен сұранысты салыстыра келе, қала орталығындағы 1 бөлмелі пәтерлерден бастауды жөн көрдік. Ішінде жиһазы бар жайлы пәтерлерді елордада айына 80 мың теңгеге жалдауға болады. Бұл ең қолжетімді баға. Ал ең жоғары баға 150 мың мен 220 мың теңге аралығында. Екінші орында Алматы қаласы келеді. Ондағы арендаторлар баспанасы үшін айына кем дегенде 65 мың, ал көп дегенде 185 мың теңге алады екен.

- Ал өңірлердегі баға қандай? Ірі шаһарлардан айырмашылығы қаншалықты байқалады?

Әрине облыс орталықтарында баға әлдеқайда төмен, бірақ таңдау да көп емес. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігін, батысы мен шығысын салыстыра келе, соңғысында жалға берілетін пәтерлердің көптігі байқалды. Бір қызығы, ондағы баға өзге облыстардағы орташа жалдамалы пәтер құнынан төмен болып шықты.

Мәселен, Өскемендегі ең арзан жалдамалы пәтер құны айына небәрі 40 мың теңгеге шығады. Ал ең қымбаты 90 мың тг. Петропавлда қала орталығындағы пәтерді айына 55 мың мен 70 мың теңге аралығында жалдауға болады. Оралдағы жалдамалы пәтер құны айына кем дегенде 55 мың теңге. Шымкенттегі баға саясаты да соңғысына жақын. Бірақ, жергілікті хабарландыру сайттарында кейбір арендаторлар бір бөлмелі пәтерін 110 мың теңгеге ұсынады.

АЭФ-2019 аясындағы панельдік сессияда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев цифрландырудың еліміздегі басқа салаларға әсері туралы айтып берді. «Сарапшылар болжамы бойынша 2025 жылға қарай Қазақстанда интернетке қосылған 100 миллионға жуық құрылғы болады, бұл өз кезегінде ұялы байланыс нарығына қарағанда 3,5 артық. Алдағы 6 жылда осы нарықтың көлемі елімізде 250 млн долларға жетеді», - деді Ә. Омарқожаев «Қолжетімді тұрғын үйдің заманауи экожүйесін құрудағы мемлекеттің рөлі» атты панельдік сессияда. Оның сөзіне қарағанда, осының арқасында «Онлайн Маркетплейстерді» пайдалану баспана мен инфрақұрылым нысандары құрылысын арзандатуға үлкен мүмкіндік ашады. Осы орайда тиісті тұрғырнамада тапсырыс беруші мен өнім берушілер делдалсыз тікелей байланысқа шыға алады. «Бұл өз кезегінде барлық тараптардың операциялық шығыстарын орташа есеппен 20 пайызға азайтуға жол ашады» деді ол. Ә. Омарқожаевтың айтуынша, маркплейстер барынша ашық болуы керек және ақпаратты толық көлемде ұсынуы тиіс. Бұл тұрғыда жұмысына адал емес жеткізушілердің саны шектеледі.

Хабар 24 телеарнасы