382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақыл» білім беру жинақтаушы жүйесінің артықшылығы неде?

  • 451
  • UPD: 11:50, 24.05.2019

Елімізде «Ақыл» жинақтаушы жүйесі бойынша 600-ге жуық отандасымыз білім алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қазақстандық оқу орындарымен қатар шетелдік университеттерде де білім алуға таңдау жасай алады. Игілі мол жобаның тағы қандай артықшылығы бар? Оған қалай қатысуға болады?

Бүгінде жинақтаушы жүйенің арқасында 177 отандасымыз әлемдегі алдыңға қатарды оқу орындарында білім алып жүр екен.

Елімізде «Ақыл» білім беру жинақтау жүйесінде 20 мыңға жауық есепшот ашылған. Ондағы салымшылардың жалпы жинағы 19 миллиард теңгеден асады. Мемлекеттік білім беру депозиті 2013 жылы іске қосылды. Мұнда қазақстандықтар өзінің немесе балаларының білім алуына қажетті қаражыны жинай алады. Болашағын алдына ала жоспарлаған талапкерлер еліміздегі 600 білім беру мекемесінің бірін таңдайды. Сондай-ақ шетелдік университеттермен де келісім бар. Бүгінде жинақтаушы жүйе арқасында 177 отандасымыз әлемдік деңгейдегі іргелі оқу орындарында білімін жетілдіріп жүр. Талапкерлер арасында Ресей мен Ұлыбританияның оқу орындары танымал. Десе де Корея, Чехия, Біріккен Араб әмірлігі, Түркия және АҚШ елдеріндегі оқу орындарын таңдағандар да аз емес.

«Ақыл» білім беру жинақтаушы жүйесінің артықшылығы не? Білім алуға қажетті қаржыны кез келген банктің депозитінде жинауға болады ғой?

Бұл жүйенің әдеттегі депозиттерден бірнеше тиімді тұсы бар. Басты артықшылығы салымдарға 5-7 процент көлемінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Бұдан бөлек, банктің өзі 10 проценттей сыйақы береді. Мемлекет тарапынан берілген сыйақыға салық салынбайды. Сондай-ақ депозит заңнама тұрғысында тыйым салудан, үшінші бір тараптың шектеуінен қорғалған. Егер салымшы немес баласы өздігінен грант жеңіп алса, қаржыны толық шешіп алуға немесе жинақтауды жалғастыруға мүмкіндік бар.

Биыл «Ауыл-ел бесігі» жобасына 30 млрд теңге бөлінді

Қыркүйек айына дейін еліміздегі 74 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі. Ол «Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында іске асады. Сондай-ақ 14 емхана мен 47 мәдениет үйі және спорттық жаттығу нысандары жаңғыртылады. Жаңадан 12 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Ермек Алпысов мәлімдеді. Жалпы «Ауыл-ел бесігі» жобасын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 90 миллиард теңге бөлінеді. Ол 2019-2021 жылдар аралығында игеріледі. Биылғы жұмыстарға 30 миллиард теңге қарастырылған. Вице-министрдің айтуынша, жоба аясында ауылдық жерлерде 516 шақырым жол төселеді. 35 шақырым су желісі, 229 шақырым жарықтандыру желісі және 136 шақырым газ жеткізу желілері тартылады. Дегенмен алдағы жылдары мектеп, аурухана секілді әлеуметтік нысандары жоқ халқының саны 50 адамнан аспайтын жүзге жуық ауыл жойылуы мүмкін. Олар ірі ауылдарға немесе аудан орталықтарына көшірілуі тиіс. Айта кетейік, бүгінде ел аумағында 6 жарым мың елді мекен бар. Оның 3 жарым мыңдайында халық саны 500 адамға жетпейді.

Телекоммуникация нарығының табысы артты

Мобильдік байланыс опреаторларының табысы азайды. Соңғы уақытта олар ұсынатын қызмет көлемі 6 жарым процентке кеміген. Ұялы байланыс абоненттерінің саны 4,2 процентке азайып, 25 миллион 400 мың бірлікті құрады. Дегенмен телекоммуникация нарығының табысы соңғы үш жыл бойы өсім көрсетіп келеді. Биыл қаңтар мен сәуір аралығында олардың табысы 5,5 процентке артып, 250 миллиард теңгеге жетті. Өсімге интернет қызметтерінен түскен пайданың артуы әсер етіп отыр. Ол жалпы табыстың 36 процентіне тең. Ал 27 проценті мобильді байланыстың үлесінде. Үй телефондарының табысы мүлде азайып кеткен.

Енді Отандық қор биржасындағы валюта бағамына тоқталайық. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 378 теңге 1 тиынды құрайды. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 380 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы