389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2050 жылға қарай елімізде жылына 1 млн тонна бал өндіріледі

  • 577
  • UPD: 14:44, 28.05.2019

Бал тұрмысы төмен отбасылар үшін қолжетімсіз өнім болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұған әлемдегі бал бағасының қымбаттауы себеп.

Иран – әлем бойынша үшінші бал өндіруші мемлекет. Таяуда орын алған табиғи апат мұндағы өндіріске кері әсерін берді. Тасқын-селден 50 мың ара отбасы зардап шеккен. Соның салдарынан дүниежүзіндегі бал мөлшері 600 тоннаға кемуі мүмкін. Бұл жағдай бағаның шарықтауына себеп болады. 

Бал өндірісі қандай деңгейде?

2050 жылға қарай елімізде жыл сайын 1 млн тонна бал өндіріледі. Күтілетін табыс 10 млрд АҚШ долларына тең. Ара шаруашылығының ұлттық одағының болжамы бұл.  Мамандардың пікірінше, еліміздің әлемдегі ең ірі бал экспорттаушы мемлекетке айналу мүмкіндігі бар. Қытайға экспортты 50 есеге арттырмақпыз. Арнайы келісім негізінде алдағы бес жылда Шығыс Қазақстан көрші елге 14 мың тонна бал жөнелтеді. Кедендік баға келісіне 1000 теңге. Бұған дейін өңір омарташылары аспан асты еліне 50-60 тонна әсел жіберетін. Айта кетейін, еліміздегі тауарлық балдың 70 проценті шығыстыкі. Жалпы, Қазақстанда жылына 15 мың тонна тәтті өнім өндірілсе, оның жартысы ғана шетелге шығарылады. Бүгінде Біріккен Араб Әмірліктерінің де тәттіқұмарлары қазақтың балын жеп отыр. Бірақ ішкі нарықта шетелдік балға сұраныс азаймаған.

Зейнетақы жинағын қамдамайды

АҚШ-тағы еңбекке жарамды азаматтардың төрттен бірінде зейнетақы жинақтары жоқ. Сауалнамаға қатысқан жастардың 42 проценті зейнеткерлікке қамданып жатпағанын жеткізген. Респонденттердің 17%-ы айлық есепшоттарды түгел өтей алмайтынын көрсетті. Сол себепті олар қажетті медициналық көмектен де бас тартқан. Бірқатары қарызға белшеден батыпты.  Десе де 2013 жылдан бері үй шаруашылықтарының әл-ауқатын зерттеп келе жатқан АҚШ орталық банкі соңғы алты жылда экономикалық жағдайдың жақсарғанын байқаған. Америкалықтар өзінің ағымдағы қаржылық жағдайын оңтайлы бағалайды.

ЕАЭО-тағы ең арзан бензин Қазақстанда сатылады. Сарапшылар орташа айлыққа қанша бензин алуға болатынын есептеп көрді. Нәтижесінде қазақстандық жүргізушінің айлығына 975 литр бензин келетіні анықталды. Тізімді Қырғызстан жалғайды. Мұндағы бір литр отын 0,62 доллар. Демек 16 мың сомға 385 литр бензин алуға болады. Ресейде 43 мың рубльге 953 литр, Беларусьте 1057 рубльге 635 литр бензин алынады. Ал Армениядағы 177 мың драмға 406 литр бензин алуға болады.

Еліміз биыл 600 мың тоннаға дейін бензин экспорттауды жоспарлады. Еуразиялық экономикалық одақпен арадағы экспорт жөнінде келісім ратификацияланғалы Қазақстан одақтан тыс елдерге жанармай сатуға мүмкіндік алған. Отандық АИ-92 маркалы бензинді Орта Азия елдері импорттауға ниет білдіріп отыр.

Ал Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 379 теңге 82 тиынды құрайды. Айырбастау орындарында Америка валютасын 381 теңгеге алуға болады.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы