382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнайдың әлемдік бағасы түсті

  • 329
  • UPD: 14:52, 31.05.2019

Елімізде техникалық қарасора шикізатынан қағаз жасау тәжірибесі қолға алына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл туралы Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері елордада өткен «Қағаз өнеркәсібі мен қаптама индустриясын дамыту» форумында айтты.

Алматы мен Шымкентте техникалық қарасора шикізатынан қағаз жасау тәжірибесі қолға алынды. Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Байытовтың айтуынша, қазіргі уақытта елімізде қағаз өнімдерін жасауға шикізат тапшы болып отыр. Осыған байланысты министрлік арнайы өсірілген қарасора шикізатын пайдаланбақ.

Елде трактор өндірісі өскен

Бірақ қажетті тракторлардың 90 процентін импорттық техника жауып отыр. ҚазАқпараттың Energyprom сайтына сілтеме жасап ұсынған дерегі осындай. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл және орман шаруашылығына қажетті трактор өндірісі 3,3 процентке өсіп, 215 данаға жеткен. Трактор бағасы 2,5-14 млн теңге аралығында. Өндіріс мерзімі 5-6 жылға жалғасса, зауытта кабиналар құрастырылып, толық бояу және дәнекерлеу сынды жұмыстар ретке келер еді. Бүгінде 100 трактор шығарылып, оның 60-ы «Қазагроқаржы» арқылы сатылып кетті. Келесі жылы отандық өнімді Ресейге, Тәжікстан мен Өзбекстанға экспорттау көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, өткен жылдың алғашқы тоқсанында елімізде 1 мың 440 трактор сатылып, төртеуі ғана экспортқа шығарылған болатын. Өндіріс мөлшері үш есеге артқанымен, негізгі үлес, яғни 90,6 процент сол күйі импорттық техникаларда қалып отыр.

Әлемнің ең қымбат футбол клубтары анықталды

Испаниялық «Реал Мадрид» әлемнің ең қымбат футбол клубы болып танылды. Оның құны 4 млрд 240 млн АҚШ долларына тең. «Форбс» журналы ұсынған спорттық рейтинг осындай. Екінші орында Ла лигадағы басты бәсекелесі «Барселона» құрама командасы 4 млрд долларға бағаланды. Үздік үштікті ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы түйіндеп тұр. Оның бағасы – 3 млрд 800 млн доллар. АПЛ-дік командадан мюнхендік «Бавария» құрамасы 800 млн долларға арзанырақ болып шықты. Жалпы, әлемнің ең қымбат 20 футболшысының орташа құны 2 млрд АҚШ долларын құрайды. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 3 проценттік өсім байқалады.

Еске салайық, өткен жылы испаниялық «Реал Мадрид» клубы Чемпиондар лигасын 3-мәрте жеңгеннен кейін 100 млн доллардан астам табыс тапқан болатын. 

Мұнайдың әлемдік бағасы түсті

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 3 доллар 9 центке түсіп, 66 доллар 65 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 2 доллар 22 центке арзандап, қара алтынның бір баррелі 56 доллар 59 центке тең болды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 381 теңге 37 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 382-383 теңгеге сатып алуға болады.

Авторы: Мирлан Алтынбек

Хабар 24 телеарнасы