384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭС құрылысы жөнінен халықаралық тендер қашан жарияланды

  • 349
  • UPD: 10:58, 07.06.2019

Қазақстанда Атом электр стансасының құрылысы бойынша тендер өткізілмеген.

Энергетика министрлігінің ресми өкілі Нұрлыбек Жеңісбек осылай деді. Оның айтуынша, Оңтүстік Корея басылымдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалпы халықаралық тендер өткізу жоспары күн тәртібіне қойылмаған.

«Елдің энергетика секторын дамытуға қатысты кез-келген шешім ҚР-ның заңдарын қатаң сақтау және халықтың пікірімен санасу арқылы қабылданатынын нық сеніммен мәлімдейміз», – деді ол. Еске салайын, бұған дейін кейбір ақпарат құралдарында Оңтүстік Кореядағы мемлекеттік корпорация 29 мамырда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша тендерге қатысуға өтініш берді деген ақпарат тараған. 

Ал Ұлттық Қордың валюталық активтері 60 млрд АҚШ долларына жуықтады. Бүгінде елде салымдарды теңгемен салу үрдісі жиілеген. Жыл басынан бері мұндай депозиттер 6 процентке өсіп, 10 трлн теңгеге жетті. Ал шетелдік валютамен салымдар 20 процентке азайған. Сәуір айында Қазақстандағы депозиттер үлесі  17 трлн теңгені құрап, долларлық салым 40 процентке кеміді. Айта кетейін, еліміздің халықаралық резервтері 2018 жылдың соңында 90 млрд АҚШ долларына жуықтаса, бұл ЖІӨ-нің 52%-ы.

Германия банкі Венесуэлаға берген 750 млн доллар қарызын 20 мың тонна алтынмен қайтарып алды. Каракасқа бұл несие осыдан 3 жыл бұрын 2 жыл мерзімге берілген. Алайда елдегі экономикалық дағдарыс салдарынан, төлем шегеріліп, нәтижесінде проценті шарықтап кетіпті. Кредитор Венесуэладан кепілзат ретінде 20 мың тонна алтынды тәркілеп отыр. Бірақ Германия тарапы бұл дерек бойынша қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

Жазғы демалысты жайлы өткізу әркімнің арманы. Ендеше ең арзан елдердің біреріне тоқтала кетейін. Туристік компаниялардың зерттеуінше,  отбасымен Хайнанда демалған тиімді. Оңтүстік Қытай провинциясында адам басына шаққанда 160-170 мың теңге шығындап, сауық құруға болады. Біріккен Араб әмірліктеріне 200 мың, Түркияға 210 мың теңгеңізді қамдай барыңыз. Ал Мысырда тынығу сәл қымбаттау шығады. Әр адам үшін шамамен 300 мың теңге. Еуропа мен басқа да экзотикалық елдерде демалу құны 300 мыңнан жоғары. Бірақ, бұл меже емес. Мысалы Түркияның өзінде 5 мың еуролық жолдама қарастырылған. Яғни қалтаға салмақ салар жайлылық үшін 2 млн теңгеңізді беруге тура келеді.

Елімізде «Дипломмен ауылға» бағдарламасына 15 миллиард теңге бөлінеді Жоба негізінде қаражатты тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие беруге 4 мыңға жуық маман жіберу жоспарланған. Әр адамға тұрғын үй мәселесін шешуге 3,8 миллион теңгеден және 177 мың теңге көтерме ақы берілмек. Ал жалақы беру, жоба аясында жұмыс орындарын құру қарастырылмаған.

Хабар 24 телеарнасы