384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мыс іздеу жұмысына 10 млрд теңгеге жуық қаражат тартылуы мүмкін

  • 219
  • UPD: 10:29, 11.06.2019

Мамырда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 9,5 млрд теңге түскен.

Қазір ол қаражат Ұлттық банкте сақтаулы тұр. Медициналық қызметтердің ақысын қор үлесінен өтеуге ден қойған өңірлер қайсы?

Медициналық сақтандыру қорына түскен жалпы жарна 177 млрд теңгеге жуықтады. Жинақталған қаражаттың 95%, яғни 167,9 млрд теңгесін жұмыс берушілер, 8,8 млрд теңгені жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететіндер аударған. Көш басында Алматы тұр. Мұнда 20,9 процент, Нұр-Сұлтан қаласында – 12,5, Қарағанды облысында 8,2 процент жарна құйылды. Үшінші мегаполис Шымкенттің белсенділігі төмен, бар-жоғы 0,3 процент шамасында. Жарна мөлшерлемесі 2023 жылға дейін түрлі санаттарға кезең-кезеңмен арттырылып келеді.

Қазақстанда бір жылда жұмыс істеп тұрған ірі компаниялар саны 4,2%-ке артып, 2 мыңнан асты. Олардың дені, яғни 120-сы Атырауда орналасқан. Маңғыстау өңірінде 97 компания тіркелді. Елордада да өсім бар. 7,6 процент. Облыс халқы мұндағы 300 компанияда табысты еңбек етуде. Ал алпауыт кәсіпорындар Алматыда шоғырланған. Бір жылдағы өсім 5 проценттен артып, 537-ге жетті. Былтырдан бері елімізде тіркелген кәсіпорындар саны 2500-ға жуықтады.

Елімізде мыс іздеу жұмысына 10 млрд теңгеге жуық қаражат тартылуы мүмкін. Қазір 6,5 млрд теңге бөлінген. Ұлттық компания дерегінше, былтыр шетелдік инвестиция 5,7 млрд теңгені құрады, биыл шамамен 4,3 млрд теңге құю жоспары бар. Жобалардың жалпы құны 500 млн теңге мен 7 млрд теңге аралығында болады. Қазір Австралия, Ұлыбритания, Германия инвесторлары Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында мыс іздеумен айналысуда. Жұмыс 2024 жылға дейін жалғасады.

Жыл басынан бері шикі мұнай өндірісі 25 млн тоннадан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,2 процентке аз. Оның 62%-і Атырауға тиесілі. Өңірде 1 процент өсім бар. Қалған облыстарда өндіріс азайған. Бүгінде ел мұнайының негізгі тұтынушысы – Италия. Енді қара алтынды ТМД елдеріне көптеп жөнелту көзделуде. Қазіргі көрсеткіш 50,8 пайызға артық. Жіктер болсам, Өзбекстанға 256,3, Ресейге 8,5 процентке артты. Ал Польшаға экспорт үлесі 90,7, Хорватияға 89,4 процентке азайды. Бізден мұнай импорттап отырған Түркия, Сингапур, Қытайға көбірек өнім жіберілуде.

Бүгін Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 383 теңге 04 тиынды құрауда.

Хабар 24 телеарнасы