389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қай сала мамандары сұраныста болады

  • 578
  • UPD: 15:19, 12.06.2019

Сауда соғысы әлемдік экономиканың дамуына ықпал ететін соңғы екі жылдағы басты мәселелердің біріне айналды, деп хабарлайды «Хабар 24»

«Дегенмен енді қосымша құн салығының артуына тағы валютаның әлсіреуі қосылады», – дейді мамандар. Себебі неде?

Әлемдік экономика дағдарысқа шақ қалғанда, орталық банктер өз елінің экономикасына дем беру үшін түрлі айла-тәсілдер қолданады. Солардың бірі – валюта бағамын әлсірету.

Экономиканы тұрақтандыру шаралары

«Вести экономика» порталының хабарлауынша, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына валюта бағамының әлсіреуі қосылады. Мамандар қаржы бағамын өзгертуге Аспан асты елінің мүмкіндігі көп деп есептейді. Себебі Қытай ұлттық банкі былтырдың өзінде юаньды құнсыздандыра бастаған. Қазір нарықта бір юань 7 долларға саудаланады. Ал Еуропаның орталық банкі федералдық резерв ставкасын төмендетсе, еуро долларға қарағанда нығая түседі деп алаңдайды. Сондықтан «еурапалық банктер де монетарлық әрекеттерге баруға дайын.  Дегенмен экономикасы тұрақты мемлекеттерге алаңдаудың қажеті жоқ», – дейді сарапшылар.

Мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі – 36,5 млн тонна

Елімізде мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 36,5 миллион тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңіңімен салыстырғанда 97 процент шамасында. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деп хабарлады. Ведомство басшысы үш ірі жоба бойынша мұнай өндірісі көлеміне жеке-жеке тоқталды.

Қашаған кен орнында – 4,2 млн тонна, Теңіз – 12,4 млн тонна, Қарашығанақ 4,9 млн тонна мұнай өндірген. Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарына байланысты қара алтын өндірісінің көлемі төмендеген. Алайда министр жылдық жоспар толық орындалады деп мәлімдеді.

Қай сала мамандары сұраныста болады?

LS ақпараттық агенттігі алдағы бес жылда сұраныста болатын мамандықтар тізімін жасады. Оған сәйкес болашақта өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығы секторында, құрылыс, көлік және сауда саласында жұмыс күшіне деген сұраныс артады.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдемесіне сүйенген мамандар болжамды осы салалардағы  жалпы қосылған құнның өсімімен байланыстырады. Мамандық таңдауда ауыл шаруашылығына ден қойған жөн. Мұндағы жылдық өсім деңгейі жақсы нәтиже көрсетіп, 5-6 процент шамасында болады. Агенттік өңдеу өнеркәсібін де ерекше атап өткен. Себебі, өнеркәсіп саласы экономиканың технологиялық дамуын қамтамасыз етіп, жұмыс орындар санын арттырырады. Болжам бойынша, келесі бес жылда өңдеу саласындағы жалпы қосылған құн көлемі 4,4 процентке дейін өседі. Аталған сала қызметкерлерінің жалақысына тоқталсақ, биыл бірінші жартыжылдықта ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлері орта есеппен 93 мың теңге алса, өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің табысы – 189 мың теңге,  құрылысшылардың жалақысы 215 мың теңгені құраған.

Отандық қор биржасындағы доллар құны – 383 теңге 75 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 384-385 теңгеге алуға болады.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы