387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге шетелден аударылған ақша көлемі артты

  • 666
  • UPD: 14:10, 13.06.2019

Елімізге шетелден аударылған қаржы көлемі екі есе артқан. Соңғы бірнеше айдың өзінде қазақстандықтар сырттан 117 миллиард теңге алған.

Қаржының көбі көрші Ресейден аударылған. Оларға аталған соманың 50 миллиард теңгесі тиесілі. Екінші орында Корея Республикасы. Ол жақтан Қазақстанға 20 миллиард теңгеден астам ақша аударылған. Үшінші орында Өзбекстан. Көрші елден бізге жіберілген қаражы көлемі шамамен екі есе ұлғайған. Сарапшылардың айтуынша, биыл транзакциялар саны да көбейген. Халықаралық валюта аударымдар жүйесіндегі орташа түбіртек 220 мың теңге.

Қытайлық компания жаңа ноутбуктар өндірісін белгісіз мерзімге шегерген. Бұл туралы өндіріс орнының өкілдеріне сілтеме жасаған The Information агенттігі хабарлайды. Басында жаңа ноутбуктардың таныстырлымы маусым айында Шанхайдағы көрмеде өтеді деп жоспарланған болатын. Тағы бір айта кетерлігі ноутбуктарда  Intel процессорлары мен Windows жүйесі пайдаланылған. Бірақ АҚШ қытайлық компанияның бағдарламалау жүйесіне салған санкцияларынан өндіріс белгісіз мерзімге тоқтатылды. Жалпы бұл компаниядағы санкциялар кесірінен өндірісі тежелген алғашқы тауар. Естеріңізге салсақ, мамырда АҚШ қытайлық кәсіпорынды «қара тізімге» енгізіп, америкалық компанияларға олармен серіктес болуға тыйым салған. Бұған жауап ретінде Huawei өз операциялық жүйесін жасауға кірісті.

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы қара алтын өнідірісін шектеу туралы шешімді ұзартуы мүмкін. Бұл мәселе маусымның соңына жоспарланған 25 елдің энергетика министрі қатысатын жиында шешіледі. Дегенмен, ұйымға мүше мемлекеттер қазірдің өзінде келісімді ұзартуды қолдап отыр. Халықаралық сарапшылардың айтуынша, бұл әлемдік нарыққа оң әсер етіп, мұнай катировкасын тұрақтандырады. Олардың пікірінше, алдағы уақытта мұнайдың бір баррелі 70-75 долларға саудалануы мүмкін. Ал ұйым қара алтын өнідірісне шектеуді алып тастаса, Brent маркалы мұнай бағасы 40 доллардан да төмендеп кетеді. Соңғы рет мұндай көрсеткіштер 2016 жылы тіркелген.

Хабар 24 телеарнасы