383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде әрбір бесінші мекеме қызметкер санын қысқартуға мәжбүр

  • 395
  • UPD: 10:52, 25.06.2019
Елімізде әрбір бесінші мекеме қызметкер санын қысқартуға мәжбүр

Биыл еліміздегі әрбір үшінші компания қызметкерлерінің санын арттыруы тиіс. Бірақ әр бесінші мекеме жұмысшыларды қысқартуға мәжбүр екен.

Бұл туралы «Deloitte» сарапшылары мәлімдеді. Олар өндіріс, тау-кен саласы, қаржы, сақтандыру және жоғары технологиялар бойынша ұжымдармен пікір алмасқан. Нәтижесінде компаниялардың 63% болашағы жарқын болатынынан үмітті.  Респонденттердің 69 проценті жоғары кіріске жұмыс істеуде. Болжам бойынша түсім 14 проценттен асуы керек. Естеріңізде болса, өткен жылы орташа жалақы 170 мың теңгені құраған. Биыл компаниялардың 37 проценті бұл көрсеткішті ұлғайтпақшы. 

Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде ақылы жолдар енгізіліп үлгерген. Мысалы, Австрияда aвтoмaгиcтpaльдар мен тас жолдарды ақысын төлемей пайдалануға болмайды. 3,5 тоннаға дейінгі салмақтағы жеңіл көліктердің әйнегіне 10 күнге не бір жылға жарайтын арнайы белгі жапсырылады. Оның құны 87 еуро. Ал Франциядағы баға көлік категориясы мен жүріп өткен ара қашықтыққа қарай белгіленеді. Ақылы автожолдарды бірнеше аумаққа бөлінген компаниялар басқарады. Ең ұзақ қашықтық Париж-Страсбург бағытына 38 еуро төлеу керек. Виньeтканы Швейцарияда да қолданады. Ол бір жылға жарамды. Құны 40 фpaнк.  Иcпaнияда жекеменшіктегі аумақтардан ғана ақы алынады. Словения мен Венгрияда электронды виньеткадар қолданылады. Ал Бельгия, Дaния, Эcтoния, Ұлыбpитaния, Kипp сынды бірқатар мемлекеттерде автобандар тегін.

Бүгінде еліміздегі 86 кәсіпорын шетелдіктермен тығыз байланыста. Оның 80 проценті ТМД елдерімен серіктес. Еуропа, Азиямен ортақ кәсіпорындар да жемісті жұмыс істеп тұр. Бірақ, Оңтүстік Америкамен елдегі өндіріс ошақтарының 3 проценті ғана қатынас орнатқан. Биыл кәсіпорындардың 60 проценті байланыс ауқымын кеңейтпек ниетте.

Алдағы уақытта еліміз ТМД мен Еуропаға бензин экспорттайды. Бұл жайында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев хабарлады. Дәл қазір Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан отандық жанармайды сатып алуға ниет білдірген. Оған қоса Беларусь пен Қырғызстан да осы бағытта келіссөзді жалғастыруда. Министрліктегілердің болжауынша, Аи 92 маркалы бензиннің 60-70 мың тоннасы, Аи-95-тің 10-15 мың тоннасы сыртқа сатылуы тиіс. Атырау мұнай өңдеу зауытының өнімі сұраныста. Бүгінде елдегі 3 мұнай өңдеу кәсіпорнында отандық бензин шығарылады. Өндіріс көлемі 14 процентке артқан. Бұл ішкі нарықтағы сұраныстан 30 процентке артық.

Хабар 24 телеарнасы