384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«7-20-25» бағдарламасы аясында алғашқы жарна 20% шектелмейді

  • 399
  • UPD: 12:03, 27.06.2019

«7-20-25» бағдарламасы аясында алғашқы жарна 20 процентпен шектелмейді.

Ұлттық банк енгізген өзгеріс осы. Осылайша негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілетіне қоятын талаптары төмендейді.

Бұған дейінгі шарт бойынша бағдарлама қолданушылары алғашқы жарна ретінде тұрғын үй құнының 20 процентін төлеуге міндеттелсе, енді бұдан артық қаржы құюға құқылы. Ал жаңашылдық ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттырады.

Еліміздегі ислам банктерінің активі бір жылда 33% өсті. Мамандар бұған дейін мұндай өсім болмағанын айтады. Дегенмен қаржылық ұйымның отандық банк секторындағы үлесі 0,2-ақ процентті құрайды. Ислам банктерінің Қазақстандағы активінің қазіргі сомасы – 51,7 млрд теңге. Өткен жылы бұл көрсеткіш 39 млрд теңге болған. Бүгінде Ислам даму банкі Қазақстанмен қарым-қатынасын нығайтуға ниетті. Банк басшысы Бандар Хаджар елдегі ислам қаржысының механизмдерін жетілдірмекші. Әлем бойынша ислам қаржысының көлемі 2,1 трлн АҚШ долларын құрайды. Еліміз де осы ақшадан үлес алуды көздейді. Қазір заңды тұлғалар аталған банктен несие алып отыр. Әрі исламдық қаржыландыру дәстүрліге қарағанда тиімдірек.

Forbеs биылғы жылдың ең құнды акцияларын жария етті. Тізімге 10 компания енген. Үздік көрсеткішті Коти косметикалық бренді көрсетті. Бір апта ішінде акция құны 58 процентке артып кеткен. Екінші тұғырдан Xerox Corporation көрінді. Мұндағы құнды қағаздар 74 процентке қымбаттаған. Chipotle Мексика грилінің акциясы шамамен 72 процентке артты. Сарапшылар осы жылдың алғашқы жартысында ақпараттық технология үздіктер көшінен түспейтінін болжап отыр. Өткен жылға қарағанда мұндағы өсім 23 процентті құрайды.

Соңғы 14 жыл ішінде Америка құрама штаттары Киевке қару-жарақты жою мақсатында 40 млн доллардан артық қаржы бөлген. Жиыны 1,7 мың тонна болатын жарылғыс заттары жойылды. Енді тағы 4 миллион доллар жұмсамақ. Бұл қаржыға жарылғыш заттарды сақтауға арналған алты қойма салынады. Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, құрылыс алдағы 2 жылда аяқталады. Жоба Украинаның қорғанысы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Грузин лариі құлдырап кетті. Ұлттық валюта бағамы қазір 2 доллар 84 центке жеткен. Бұған Ресеймен қарым-қатынастың бұзылуы себеп. Бірақ Тбилисидегі ақша айырбастау орындарындағы ахуал жайлы билік жақ ашпай отыр. Қазір ресейліктерге Грузияға баруға тыйым салынған. Салдары елдегі туризмге де тиді. Ресеймен әуе қатынасы тоқтағалы шығын 750 млн долларға жетуі мүмкін.

Ал Қазақстан қор биржасында доллар 18 тиынға арзандады. Сөйтіп қазіргі бағам 378 теңге 65 тиынға теңесті.

Хабар 24 телеарнасы