384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арыстықтарға кредит бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі келер жылға дейін шегерілді

  • 559
  • UPD: 12:28, 04.07.2019

Арыстықтарға «Халық банк» та жеңілдік жасады. Halyk Bank қала тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қолданыстағы қарыздары бойынша 2019 жылғы 1 шілдеден бастап сыйақы есептеуді тоқтатты.

Арыстық клиенттерді қолдау мақсатында банк басшылығы осы айдан бастап қала аумағында берілген барлық қарыздар бойынша 1 млрд теңгеден артық сомаға сыйақы есептеуін тоқтатты. Айта кетейік, Арыстағы Halyk Bank борышкерлерінің саны 3 мың 639 адам. Олардың жалпы қарыз сомасы 3 млрд 300 млн теңгеден асады. Осылайша жеке және заңды тұлғаларға 1 шілдеден бастап, келер жылдың 1 қаңтарына дейін несие бойынша негізгі қарызды өтеу мерзімі 6 айға шегерілді.

Сонымен алдағы уақытта елордадан Оңтүстік Шығыс Азияның ірі қалаларына тікелей қатынайтын әуе бағытын ашу көзделіп отыр. «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов күні кеше орталықтың бір жылда атқарған жұмысы жөнінде баяндаған болатын. Еске салайық, «Астана Файненс Дэйс» күндері бүгін мәресіне жетеді. 

Арыстағы 470 нысанды қалпына келтіруге Ақмола облысы да атсалысады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте аймақ басшысы Ермек Маржықпаев хабарлады. Оның айтуынша, барлық қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Кездесуде облыс әкімі Арыс қаласының тұрғындарына төтенше жағдай кезінде және одан кейінгі барлық гуманитарлық көмек туралы айтты.

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 1 доллар 4 центке жоғарылап, баррелі 63 доллар 86 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 1 доллар 9 центке қымбаттап, бір баррелі 57 доллар 34 центке тең болды.

Хабар 24 телеарнасы