384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Электрондық ақшаны қолдану бойынша Алматы көш бастап тұр

  • 594
  • UPD: 13:55, 05.07.2019

Елде қолма-қол ақшасыз төлем көрсеткіші екі еселенген. Ұлттық экономика министрлігі ұсынған дерек осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Электрондық ақшаны қолдану бойынша Алматы көш бастап тұр. 68% немесе 2 трлн 600 млрд теңге. Ізінше елорда келеді - 321 млрд 600 млн теңге. Ал ең төмен көрсеткіш Қызылорда, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалған.

Елімізде қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2,1 есе өскен. Ұлттық экономика министрлігі осыны әрі қарай дамыту үшін мемлекет тарапынан қосымша бонустармен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Осы жылдың мамыр айында 25 млн 100 мың төлем карточкалары айналымда болды. Осылайша, бір жылда олардың саны шамамен 21% -ке өсті. Өткен жылғы кезеңде карточка саны 20 млн 800 мың болған. Нарықтағы алыс-берісте дәстүрлі дебеттік карталар жиі қолданылады. Мәселен, жалпы карта саны шамамен 19 миллион болса, оның 75%-тен астамы дебеттік карта үлесіне келеді екен. Несие карталары 21%-ке жуықтайды. Несие жеңілдігі бар карточкалардың және алдын ала төленген карточкалардың үлес салмағы шамамен 4% немесе 967 мыңға тең.

- Ал карточка қолданушылардың саны қаншалықты артқан? Және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту үшін тағы қандай шаралар атқарылып жатыр?

- Бір жылда шамамен 20% -ке артып, 21 млн 800 мың адамға жетіпті. Қызығы сол, осы көрсеткіштің ел халқының санынан асып кетуі, кісі басында 1 емес, бірнеше картаның болуымен түсіндірілсе керек. Ал өткен жылы, елімізде 18 млн 100 мың адам карточка пайдаланған. Яғни жылдық өсім - 21,7%.

 

Карточка қолданушыларының саны шамамен 20%-ке артты

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қолма-қол ақшасыз төлемдерді қолдау - ел экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Салық базасын кеңейту және салық төлемдерін жеңілдетуге де ықпалы бар. Сондай-ақ ол қолма-қол ақшасыз төлемді таңдаған азаматтарды ынталандыру мақсатында арнайы жобаның әзірленіп жатқанын айтты. Сауда орталықтарында  картамен төлем жасағандарға бонустар түседі. Бұл қаржылай сыйлықты тұрғындар салық төлеуге немесе сауда жасағанда жұмсай алады. Ол үшін банктермен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Игі бастама 2020 жылы ұсынылады.

 

«Еңбек» бағдарламасымен ақтөбелік ісмерлерге 6%-пен несие берілді

«Еңбек» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биыл 2 млрд 100 млн теңгені игереді. Қазір кәсібін бастағандар алғашқы өнімін алып жатыр. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры»  облыстық филиалы несие бөлімінің басшысы Нұрлан Қосмағамбетовтың айтуынша, кәсіпкерлікті дамытуға «Еңбек» бағдарламасымен 2019 жылға 3 млрд 800 млн теңге бөлінді. «Ал өткен жылы 655 кәсіпкерге несие берілген. Оларға 2 млрд 400 млн теңгеге көмек көрсетілді. Осы жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша қаржының 35%-і игерілді», - деді Нұрлан Қосмағамбетов.

 

Түркістандық диқандар жаздық бидай оруды бастады

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының диқандары егілген жаздық бидайды оруын бастады, - деп хабарлайды өңір басшылығы. 40 мыңнан астам гектар жерге егілген күздік және жаздық бидайдан шаруалар егістіктің әр гектарынан 20-25 центнерге дейін өнім алуды көздеп отыр. Ал 4,5 мыңнан астам гектар жерге егілген арпаның өнім түсімділігі 22 центнер болады деп күтілуде. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған кәсіпорындардың бірі - Шарбұлақ ауылдық округі. Мәселен, «Сапа» шаруа қожалылығы алғашқылардың бірі болып астық оруды бастап кетті. Аталған қожалықтағы 2 мың гектарға жуық егінді алқапқа егілген арпа мен бидайды жинауға 10-ға жуық агротехника мен 20 шақты адам жұмылдырылды. Шаруалар ауа райы қолайсыздығына қарамастан, қамбаға түсер өнім былтырғыдан кем болмайтынын айтуда. Өйткені, агротехникалық шаралар дер кезінде жасалып, мемлекет тарапынан арзан бағадағы жанар-жағармай мен минералды тыңайтқыштар уақытылы берілген. Ал аудан басшысы Төлеген Телғараевтың айтуынша, егін оруға қажетті 220-ға жуық комбайн, 125 тасымалдаушы техника мен жүзден астам трактор тіркелемелері сақадай сай.

 

Brent маркалы мұнай бағасы түсті

Лондон шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы түсті. Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 68 центке түсіп, баррелі 63 доллар 18 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 4 шілде күні АҚШ-тың ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күнін тойлауға байланысты сауда-саттық жүргізілмеді.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 383 теңге 04 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 384-385 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы