384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұз өндірушілер ішкі нарықтың 91 процентін қамтиды

  • 475
  • UPD: 15:17, 09.07.2019

Еліміздегі жас отбасыларға сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтерлер беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 1 мың пәтер қарастырылған.

Ай сайынғы төлем 12 мың теңгеден аспауы керек. Пәтерді 3-тен 5 жылға дейінгі мерзімге жалдап тұруға болады. Яғни бұл – уақыт жас отбасылар үшін аяғынан тік тұруға берілетін мүмкіндік. Ал құжаттар қыркүйек айында қабылданатын болады. Бағдарлама шарты 1 тамызда жарияланады.

Тұз өндірушілер ішкі нарықтың 91 процентін қамтиды

Қызылорда облысындағы тұз өндіру, қайта өңдеу және байыту кешені әзір іске қосылмайды. Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының хабарлауынша, жоба биыл пайдалануға берілуі керек-тін. Алайда инвестор табылмаған. Жоспар бойынша кешен қуаты алғашқы жылдары 100 мың, екінші кезеңде 300 мың тонна өнімді құрайды. Құны 2,9 млрд теңге  болатын жоба жүзеге асса, ішкі сұраныстың 20 процентін қамтитын еді. Қалған 80 проценті ТМД мен Орта Азияға экспортталуы керек.

Айта кетейін, елдегі тұз өндірісінің 98 5%-і – Сыр өңірінде, 2%-і – Жамбыл облысында, 1%-тен аз бөлігі Түркістан облысында шоғырланған. Қазақстан қыркүйек айынан бастап Ресейге, Өзбекстан мен Қырғызстанға азықтық тұзды, 2020 жылы ас тұзын экспорттайды. Бүгінде экспорт үлесі 74 проценті құрайды.

Жалпы, Қазақстанда тұзды сырттан тасу үдерісі азайған. Жыл басынан бері елдегі өнідіріс ішкі сұраныстың 91 процентін қамтыды. Бір ақпарат қоса кетейін. Елімізде 112 мың тоннаға жуық тұз өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ке артық.

Кәсіпкерлерді қолдаудың тың түрі енгізілді

Кәсіпкерлер үшін автожолдардың бойынан 650 алаң бөлінеді. Бұған «ҚазАвтоЖол» мен Baiterek Venture Fund арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында қол жеткізілді. Компаниялар екінші деңгейлі банктер арқылы жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын іске қоспақ. Қолдау корпоративтік бизнес пен шағын және орта бизнес өкілдеріне көрсетіледі. Яғни ұзын жолдың бойына инфрақұрылым, қызмет көрсету және туризм бағытындағы жобаларды ұсынған кәсіпкерлерге 1 млрд теңге болатын жеңілдетілген несие беріледі. 10 жылға межеленген қарыздың жылдық сыйақы мөлшерлемесі 8%.

Қытайдың Шанхай қаласында ертең 14-мамандандырылған Aluminiu(А)m China  көрмесі ашылады. Екі күнге жалғасатын шарада меймандар назарына шикізат, жартылай өңделген өнімдер, алюминий фольгасы, жіңішке ленталар, құбырлар, дайын өнімдер, жол құрылымдары, электротехникалар ұсынылады. Әлемнің өндірістік орталығы Шанхайда өтетін көрмеге жылда 30 елден 500 экспонент тіркелетін көрінеді.

Ал қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 383 теңге 53 тиынды құрайды.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы