383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«7-20-25» бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтініш мақұлданды

  • 249
  • UPD: 11:30, 12.07.2019

«7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам өтініш мақұлданды.

Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұрғын үй бағдарламасына қатысуға неше адам өтініш білдірді? Мақұлданған несиенің сомасы қанша?

Мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана алуға 15 мың бір жүзден астам адам өтініш білдіріпті. Дегенмен, тек 9 мыңнан астамы ғана мақұлданды.

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы сомасы 103,8 млрд теңге болатын 9029 өтініш мақұлданды. 2019 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 15191 өтініш түскен. Оның жалпы сомасы 171,5 миллиард теңгені құрайды. Сондай-ақ ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша Ұлттық банк жалпы сомасы 150 миллиард теңгені құрайтын 25500 дей қарызды қайта қаржыландырады. Бұдан бөлек, валюталық қарызды қайта қаржыландыру үшін жалпы сомасы 67 миллиард теңге болатын 7 мың 980 өтінімді мақұлдады.

 

Елімізде қоғамдық көлікпен қатынайтындар саны 2% азайды

Жыл басынан бері елімізде автобуспен қатынайтын жолаушылар саны 2 проценке азайды. Есесіне такси қызметіне жүгінетіндер 22%-ке көбейген. Жалпы қаңтар мен мамыр аралығында жолаушы тасымалынан 42,9 млрд теңге табыс түсті. Былтыр 41 млрд теңге болатын. Яғни жалпы тасымалда өсім бар. Дегенмен, биыл автобустардың табысы былтырғы 37,9 млрд теңгеден 37,2 млрд теңгеге қысқарады. Тиісінше, такси қызметінің табысы бірден бес есе өсіп, 2,4 млрд теңгеден асты. Тұрғындарды қоғамдық көлікке отырғызу үшін мемлекет автопарктерге қолдау жасап-ақ келеді. Мәселен, биыл еліміздегі ең ірі мегаполис саналатын Алматының автопаркін 4 есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Осы мақсатта оңтүстік астанада Falcon Eurobus электр автобустарын құрастыратын зауыт салынған болатын. Сондай-ақ қоғамдық көліктердің уақытылы жүріп тұруына қадағалау күшейеді. Бүгіннің өзінде ережені бұзған тасымалдаушыларға айып салына бастады. Былтыр субсидия беру кезінде айыппұл ретінде 560 миллион теңге шегерілген. Енді жол ақысына тоқталсақ. Қазақстан бойынша қоғамдық көлікпен қатынаудың орташа құны 76 теңге. Жол ақысы қымбат өңірдің көш басында Нұр-Сұлтан, Өскемен  және Қызылорда қалалары тұр.

 

Сақтандыру компанияларының таза пайдасы 3% кеміді

Еліміздегі сақтандыру компанияларының таза пайдасы бірден 3%-ке азайды. Тіпті 27 компанияның бесеуі жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден асатын шығынға батқан. Биыл қаңтар мен мамыр аралығында саланың кірісі 176,7 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ке көп. Дегенмен, таза пайда өткен жылмен салыстырғанда 1 миллиардтай кеміген. 2018 жылы 2,5 есеге артқан болатын.

Айта кетейік, сақтандыру компаниялардың табысы 2016 жылдан бері өсім көрсетіп келе жатыр. Соңғы бес жылда таза пайдасы ең аз түскен кезең ретінде 2017 жылды айтуға болады. Ол кезде таза табыс 58 процентке азайып, небәрі 11,9 миллиард теңгені құраған болатын.

 

Елімізде еуро валютасын сатып алушылар саны артты

Биылғы бес айда ақша айырбастау бөлімшелері жалпы құні 137,2 миллиард теңгеге тең келетін еуро сатты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39%-ке көп. Мамыр айының өзінде 31,8 милллиард теңгеге сауда жасалған. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 0,5%-ке аз. Дегенмен, өткен жылдың мамыр айындағы саудадан 21%-ке көп. Еуроны сатып алуышлардың 70%-ейі еліміздегі үш мегаполистің үлесінде. Әсіресе, Алматыда сұраныс жоғары. Мұнда еуроның тек қана сатылымы 72,8 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ке көп. Екінші орында Нұр-Сұлтан - 15 миллиард теңге, Шымкентте 9,1 миллард теңгеге еуро валютасы сатылған.

Енді Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамына тоқталайық. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 383 теңге 1 тиынды құрады. Айырбастау бөлімшелерінде долларды 384-385 теңгеден сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы