387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Volkswagen жүргізушісіз жүретін көлік жасауға 2,6$ млрд құяды

  • 533
  • UPD: 15:15, 15.07.2019

Биыл қазақстандықтар 282,5 млрд теңгеге жаңа автокөлік сатып аған, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Бұл туралы «Қазавтопром» хабарлайды. Олардың ішінде ең танымал маркалар қандай? Отандастарымыздың басым бөлігі қандай көлікті құптайды?

Одақтың ақпаратына сәйкес, биыл қаңтар-маусым аралығында елімізде 30 мыңнан астам көлік сатылған. Ал олардың ішіндегі ең өтімдісі қандай?

Сатып алушылар арасында сұранысқа ие марка – Lada.   Республика аумағында мұндай көліктердің 7300 данасы сатылған. Одан кейінгі орынға 6600 бірлік автомобиль өткізген Toyota маркасы жайғасты. Ал үшінші орында – Hyundai. Еліміз бойынша бұл маркамен 6 мың темір тұлпар сатылған. Көшбасшылардың бестігіне KIA және GAZ маркалы көліктер кірді. Негізінен сатып алушылардың басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау аймақтарының тұрғындары.

Volkswagen жүргізушісіз жүретін көлік жасауға 2,6$ млрд құяды

Немістің Volkswagen компаниясы жүргізушісіз жүретін көлік жасауға 2,6 млрд доллар құяды. Жоба Ford компаниясымен бірге жүзеге асырылады, деп хабарлайды kapital.kz. Нақтырақ айтсақ, жоба Ford-тың серіктесі Argo AI компаниясына тапсырылады. Миллиардтап құйылған қаржыға өздігінен жүретін автомильдердің 4 дәрежелі технологиясы жасалады. Ал Volkswagen үш жыл көлемінде Ford-қа 500 млн доллар төлеп, Argo AI-дың акцияларын сатып алуға мүдделі. Бірақ келісім шартқа сәйкес америкалық компания Argo AI-ға 600 млн доллар инвестицисын құюды жалғастырады. Осылайша олар тең құқылы серіктестерге айналады. Көлік өндірушілердің серіктестігі мұнымен аяқталмайды. Алдағы уақытта Ford компаниясы Volkswagen-мен бірге электромобиль өндірісіне кіріседі. Немістің компаниясы Ford-тың зауытын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Еуропалық нарыққа арналған электромобильдер 2023 жылдан бастап шығарылады.

Байланыс операторлары 382 млрд теңге табыс тапқан

Биыл бірінші жартыжылдықта еліміздегі байланыс операторлары 382 млрд теңгеден астам табыс түсірген. Бұл былтырға қарағанда біршама артық.

Атап айтсақ, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 18 млрд, интернетке қосылу қызметі – 136 млрд, ал ұялы байланыс қызметтері 105 млрд теңгеден астам табыс тапқан. Жалпы, қызмет көлемінің басым бөілігі интернет желісіне және мобильді байланысқа тиесілі. Ал қалғандары өзге телекоммуникациялық қызметтер. Елімізде маусым айында телефон желісі тіркелген абоненттерідің саны 3,3 млн-ға жуықтаған, ұялы байланыс абоненттерінің саны 25 млн-нан асқан. Ал интернетке қосылған абоненттердің саны шамамен 14,6 млн деп тіркелген.

Ауғанстан мемлекеттiк қорға СҚО-дан бидай сатып алмақ

Ауғанстан мемлекеттiк қорға солтүстiкқазақстандық бидайды сатып алмақ. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов пен ҚР-дағы Ауғанстанның төтенше және өкілетті елшiсi Мұхаммад Фархат Азимимен кездесуінде белгілі болды. СҚО Ауғанстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынас орнатқан. Биыл жарты жылда облыс бұл мемлекетке 13 млн долларға 60 мың тонна өнiм жіберген. Жалпы аймақ экспортының 28% Ауғанстанға тиесiлi. Аймақ әкімінің айтуынша, СҚО Ауғанстаннан көкөніс импорттап, бидай өнімдері, майлы дақылдар мен биоэтанол экспорттауға дайын. Ал Ауғанстан өз кезегінде мемлекеттiк қорға солтүстікқазақстандық бидай сатып алуға мүдделі.

Отандық қор биржасында доллар құны – 383 теңге 30 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 384-385 теңгеге сатып алуға болады.

Авторы: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы