385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар өз өмірі мен өмір сүру сапасына қаншалықты риза

  • 296
  • UPD: 11:56, 23.07.2019

Елімізде жылжымайтын мүлік нарығындағы баға бір жылда 7%-ке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылардың пайымдауынша, бұл тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын жүзеге асырумен байланысты.

Жаңа үйлердің бағасы Павлодар, Семей және Тараз өңірлерінде қымбаттағаны байқалады. Мұндағы баспаналардың құны 20% шамасында өскен.

Қостанайда енді салынған тұрғын үйлердің құны 11%-ке, Шымкентте 7%-ке, Нұр-Сұлтанда 5%-ке өскен. Сарапшылардың айтуынша, биыл Қазақстан экономикасының дамуына елеулі әсер ететін инфляциялық тәуекелдер мұнымен аяқталмайды. Мысалы, сыртқы нарықтағы азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы да инфляциялық тәуекелдердің әсері бар. Сондай-ақ тауарлар бағасына ұлттық валютаның әлсіреуі де қосымша ықпал етеді.

 

Қазақстандықтар өз өміріне, нақтырақ айтсақ, өмір сүру сапасына қаншалықты риза

Бұл сұрақтың жауабын Статистика комитетінің зерттеуінен білдік. 2019 жылы сауалнамаға қатысқандардың 60% «өз өміріме қанағаттанамын» деп жауап берген. Статистикаға қарап, ауыл тұрғындары қалалықтарға қарағанда бақытты ма дерсіз. Себебі ауылда тұратын халықтың 70%-ке жуығы, ал қалалықтардың 54%-тен астамы өз өміріне риза екенін білдірген. Тағы бір дерек, өмір сүру сапасын оң бағалағандардың көбі ер азаматтар.

Зерттеу нәтижелері бойынша респонденттердің 48,5%-і өз денсаулығына қанағаттанған. Мұнда да ауылдықтардың үлесі басым. Сауалнамаға қатысқандардың 44,3%-і бос уақытының болуына риза. Ал материалдық жағдайына қатысты сұраққа зерттеуден өткендердің 68,8%-і өздерін орташа деңгейге жатқызса, 0,4%-і өзін қамтамасыз етудің төмен деңгейінде екенін көрсетті және респонденттердің 0,3%-і ғана материалдық жағдайын жоғары деңгейге жатқызған.

 

Hyundai табысы 30%-ға өсті

Оңтүстік Кореяның Hyundai Motors компаниясы 2019 жылдың екінші тоқсанындағы қаржылық есебін жариялады. Көрсеткіштерге сай компанияда соңғы жеті жылдағы операциялық пайданың ең жоғары өсімі тіркелген.

«Сәуір-маусым айларында операциялық пайда 1,24 трлн Оңтүстік Корея вонын немесе 1,05 млрд долларды құрады. Яғни бір жылда кәсіпорын табысы 30,2%- өсті», - делінген хабарламада. Бұған жол талғамайтын көліктерге деген сұраныстың артуы ықпал еткен. Алдағы уақытта компания АҚШ-та сатылатын жол талғамайтын көліктердің санын 51%-тен 67%-ке дейін ұлғайтуды жоспарлауда. Бұл арқылы Hyundai Motors АҚШ нарығындағы өз үлесін біршама арттыруды көздейді.

Қазақстан қор биржасында доллар құны 384 теңге 37 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 385-386 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы