385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Республика бойынша жалға берілетін үйлердің бағасы 0,7% өскен

  • 266
  • UPD: 10:56, 08.08.2019

Биыл күзде Жамбыл облысында екі кәсіпорын іске қосылады.

Кәсіпорынның екеуі де «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағында іске қосылады. Қос жобаның құны 130 млрд теңге шамасында.

Қыркүйектің соңына дейін Жамбыл облысында каустикалық сода мен хлор өндірісінің бірінші кезеңі іске қосылады. 7kun ақпараттық порталының хабарлауынша, жобаның құны 60 млрд теңге деп бағалып отыр. Кәсіпорын каустикалық сода, кальций хлориді, тұз қышқылын және өзге де өнімдерді шығарады. Ал екінші өндіріс орны – интеграцияланған химиялық кешен. Оны іске қосу арқылы өңірдегі гербицид пен үш хлорлы фосфор өндірісі жолға қойылады. Кешен глифосфат, формулят, ас тұзын және басқа да химикаттарды шығаратын болады. Арнайы экономикалық аймақтағы қос жобаның да екінші кезеңі стратегиялық серіктес тартылғаннан кейін ғана іске қосылады.

Елімізде жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап барады

Қазақстанда жылжымайтын мүлік қымбаттаған. Өткен айда жаңа баспанадағы бір шаршы метрдің құны 0,6% көтерілген. Осылайша, қазір жаңа салынған нысандардағы бір шаршы метр бағасы 274 мың теңгеден асады. Жалпы шілде айында жылжымайтын мүлік нарығында белсенділік байқалады. Саладағы алу-сату бойынша келісімшарттар да көбейген. Пәтер алушылардың көбі – Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Алматы облыстарының тұрғындары. Ал маңғыстаулықтар керісінше, баспана сатып алудан ең соңғы орында тұр. Елордада тұрғын үйлерді алу-сату бойынша келісімшарттар саны шамамен екі есе артқан. Жылжымайтын мүліктің қымбаттауы, жалдамалы баспаналардың құнына да әсер еткен. Республика бойынша жалға берілетін үйлердің бағасы 0,7% өскен.

Хабар 24 телеарнасы