386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы 5 экономика саласы шетелдіктердің қызығушылығын тудырып отыр

  • 267
  • UPD: 12:08, 13.08.2019

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы 5 экономика саласы шетелдіктердің қызығушылығын тудырып отыр.

Рейтингті LS ақпараттық бизнес-агенттігінің өкілдері жариялапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көш басын құрылыс саласы бастап тұр.

Сонымен, шетелдік жұмысшылардың құрылыс саласына жиі келетіні анықталып отыр. Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің деректерінше, жыл басынан аталған салаға шамамен 6 мың еңбек мигранты жұмылдырылған. Екінші орында ауыл, орман және балық шаруашылықтары келеді. Отандық агрокешен саласына шамамен 2 мың экспат келген. Үштікті тау кен саласы түйіндеді. Компания штаттарында мыңнан астам шетелдік маман қызмет етеді. Алғашқы бестікке өңдеуші өнеркәсіп пен кәсіби ғылыми-техникалық қызмет еніп отыр. Еңбек мигранттары көбіне Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған.

 

Еліміздің 10 өңірінде құрылыс көлемі артқан

Еліміздің 10 өңірінде қолданысқа берілген тұрғын үй көлемі артты. Бұл туралы Primeminister.kz сайтынан белгілі болды. Салада 620 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Еліміздегі тұрғын үй құрылысының қарқыны жыл сайынғы өсудің оң динамиканы сақтап тұр. Биыл 13 млн 100 мың шаршы метрді пайдалануға беру жоспарланған. Оның 5 млн 700 мың шаршы метрі осы жылдың бірінші жарты жылдығында тапсырылды. Бұл жылдық жоспардың жартысына жуығы немесе 43,5%-ін құрайды. Сұхбат барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің комитет төрағасы Алмаз Ыдырысов 4 өңірде көрсеткіштердің төмендегенін айтты.

 

Қостанайда егін жинау науқаны басталды

Қостанай өңірінде егін жинау науқаны басталып кетті. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық агрокеңесте айтылды. Биылғы жаздың ыстығы, жауын-шашынның жоқтығы аймақтағы дәнді дақылдың өсуіне айтарлықтай тежеу болып отыр. Қуаңшылыққа байланысты өңірімізде егін жинау науқаны әдеттегіден ерте басталды. Кейбір аудандарда астық ору қарқынды жүріп жатыр. Әсіресе, облыстың оңтүстік бөлігінде егін шығымы төмен. Бұл шаруалардың жағдайын алаңдатуда. Сонымен қатар ол күзгі егіс науқанын ойдағыдай өткізу, тығырықтан шығудың тетіктерін қарастыруды тапсырды. Қазір оңтүстік-батыс аудандарда жем-шөп әзірлеу көрсеткіші 24-50%-ке ғана орындалған. Архимед Мұхамбетов күзгі жиын-терімді барынша ойдағыдай орындап, астық ору кезінде ұрлық-қарлыққа жол бермей, қатаң күзет болу қажеттілігін айтты. Сондай-ақ қолдағы қор қаржысын мүмкіндігінше үнемдеп жұмсауға кеңес берді.

 

Әлемдік мұнай бағасы құбылып тұр

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында дүйсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы құбылып тұр, деп хабарлады ҚазАқпарат. Brent маркалы мұнай бағасы қазан айындағы жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 5 центке арзандап, барреліне 58 доллар 37 центті құрады. WTI маркілі мұнай бағасы қыркүйектегі жеткізілімдер бойынша Нью-Йорк (NYMEX) тауар биржасында 43 центке қымбаттап, барреліне 54 доллар 93 центті құрады.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 387 теңге 43 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 388-389 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы