386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде салық төлеушілерден түскен түсім екі есеге артты

  • 159
  • UPD: 11:33, 16.08.2019

Елімізде соңғы үш жылда салық төлеушілерден түскен түсім екі есеге артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, бұл декларацияланатын кірістің артқанына дәлел. Әсіресе, шағын және орта бизнесте ашықтық басым.

2018 жылы салық төлеушілердің 74%-тін шағын және орта бизнес өкілдері құрады. Олар бюджетке 146,7 млрд теңге құйған.

2020 жылдан бастап патентпен жұмыс істейтін кәсіпкерлерге де ақпарат тарату функциясы бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану міндеттеледі. Бұл орайда заңда құрылғыны алу шығындарын өтеуді жеке кіріс салығын азайту арқылы жүзеге асырылатыны көрсетілген. Яғни, жеке кіріс салығы 140 мың теңге болса, кәсіпкер бұл соманы 60 мың теңгеге дейін азайта алады. Бірақ бұл норма 2019 жылы ғана орындалады. Демек, бақылау-кассалық машиналары осы жылы түгел алынуы тиіс.

Айта кетейік, ел қазынасы жылдан жылға шағын және орта бизнес өкілдерінен түскен салықпен толығуда. Ал 2015-2018 жылдарға шолу жасасақ, бір салық төлеушінің өзінен түсетін түсім 2 есеге артқаны байқалады. Ықшамдалған декларация енгізілгелі шекті кіріс жылына 40 млн теңгеден 120 млн теңгеге артқан.

 

2024 жылы Қытай-Ресей тауар айналымы 200 млрд доллар болады

2024 жылы Қытай мен Ресей арасындағы тауар айналымы 200 млрд доллардан асады. Бұл туралы Қытай елшісі Чжан Ханьхуэй мәлімдеді. Бүгінде екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс нығайып келеді. Былтырғы көрсеткіш 108 млрд доллардан асқан. Ресейдің экономикалық даму министрі Максим Орешкиннің айтуынша, Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысына байланысты жергілікті ауыл шаруашылығы және басқа да өнімдер америкалық тауарларды алмастыруы бек мүмкін. Қазірдің өзінде Бейжің Мәскеу тарапын сенімді серіктеске балап отыр. Алғашқы жартыжылдықта жылдық түсім 4,7%-ке артып, 61,13 млрд долларға жеткен. Бұған дейін Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин екі ел арасындағы қарым-қатынастар бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін мәлімдеген болатын. Дегенмен, ресейліктер Пекинге орман экспортын шектеуі мүмкін. Бұған ел аумағындағы орманды қытайлықтардың заңсыз отап келгені себеп.

 

Пәкістан пластик пакеттерден бас тартпақ

Ал Пәкістан астанасы Исламабад пен қала маңындағы елді мекендерде пластик пакеттерді қолдануға болмайды. Бұл қоршаған ортаны жүздеген жылға дейін шірімейтін заттардан тазарту мақсатында қабылданған шара. Пәкістандықтар жыл сайын 55 миллиардтан аса пакетті пайдаланып келген. 112 миллиардқа дейін жеткен кездер де болды. Бірақ оны өңдейтін кәсіпорындар жоқ. Жағдайға алаңдаған билік полиэтиленнен жасалған қапшықтарға бірнеше рет тыйым салып келді. Тек нәтижесіз. Себебі, елде табиғи ортада шіритін қаптар шығарылмады. Енді тыйым салынған пластик пакетті қолданған азаматқа 70 доллар көлемінде айыппұл салынады. Мұндай бұйымдарды тек ауруханаларда қолдануға болады. Бір шарт: медициналық мекеме оларды қайта өңдеу туралы құжатты министрлікке тапсырып отыруы тиіс. Елдегі экологиялық ахуал мәз емес. Мәселені шешу үшін билік жылына шамамен 400 млрд рупий шығындайды екен.

 

ҰЭМ экспорттаушы кәсіпкерлердің проценттік мөлшерлемесін субсидияламақ

Ұлттық экономика министрлігі экспорттаушы кәсіпкерлердің проценттік мөлшерлемесін субсидияламақ. Мұндай ұсыныс «Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы заң жобасында көрсетілген. Сауданы дамытуда кәсіпкерлер үшін нарықтық тәуекелдер мен қаржыландырудың қолжетімсіздігі кедергі. Ал құжат экспорттық операцияларды қаржыландыруда сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.

Қазақстан қор биржасында 1 доллар 387 теңге 11 тиынға бағаланған

Хабар 24 телеарнасы