387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейден қомақты қарыз алған елдердің тізімі белгілі болды

  • 362
  • UPD: 10:09, 20.08.2019
Ресейден қомақты қарыз алған елдердің тізімі белгілі болды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы екі бағытта жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның бірі – меценаттықты дамыту. Екі жарым жылда демеушілердің қолдауымен 2 мыңға жуық ғимарат салынып, 1500-нан астамы қайта жаңғыртылды. Бұл үшін 240 млрд теңге бөлінген. Жобаларды іске асыруға 11 мыңнан аса меценат тартылыпты. БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гуттериштің мәліметінше, дүние жүзінде 250 мың әйел қайырымдылық жасауды өмірлік миссияға айналдырған. Бұл – әлем бойынша гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан қызметкерлердің 40 пайызы.

Жыл басынан бері әлемде 7,3 млн жеңіл және жеңіл коммерциялық көліктер сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 процентке аз. Алғашқы жартыжылдықта сатылған жаңа көліктердің саны 52,5 млн болды. Бұл да – шамамен 6 процентке аз көрсеткіш. Темір тұлпарды сату бойынша Қытай көш басында. Қытайлықтар шамамен 2 млн-ға жуық көлікті сатып алған. Дегенмен мұнда бір жылдан бері көрсеткіш кері кетіп барады. Бұған АҚШ-пен сауда соғысы себеп дейді мамандар. Ал Америкада 1,4 млн көлік сатылған. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2 процентке көп. Үздік үштікті Батыс Еуропа түйеді. Мұнда бір айда 1,3 млн дана жаңа көлік сатылымға шығарылған. Жапония, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Америка, Канада, Оңтүстік Кореядағы көрсеткіштер де айтарлықтар. Еске салайын, ағымдағы жылдың 6 айында әлем нарығында 45 млн автокөлік сатылымға қойылды. Бірінші жартыжылдықта Қазақстан азаматтары 282,5 млрд теңгеге 30 754 жаңа жеңіл көлік және жеңіл коммерциялық автомобиль сатып алды.

Беларусь, Украина, Венесуэла. Ресейден қомақты қарыз алған елдердің тізімі. Жыл басынан бері Минсктің берешегі шамамен 8 млрд долларға жақындаған. Киев 4 млрд долларға жуық қаржы алыпты. Ал 3,15 млрд долларды Венесуэла өтеуі тиіс. Жалпы ресейліктердің өзге мемлекеттерге несие беру бойынша бағдарламасы құпия режимде жұмыс істейді. Себебі қарыздың дені коммерциялық бағытта емес, саяси негізде алынады екен. РБК агенттігі 27 млрд доллар борышы бар 17 мемлекетті анықтапты. Айта кетейін, жылдың басында Ресейдің сыртқы қарызы 453 750 млн АҚШ долларын құрады. Қазақстанның сыртқы берешегі сәуір айында 157,6 млрд долларға жетті. Ал АҚШ-дың шет елдерге қарызы 22,5 млрд доллардан асқан.

Жыл басынан бері Оңтүстік Корея банктеріндегі шетелдік валюта депозиттері 710 млн долларға азайып, 69,67 млрд долларға жетті. Нақты АҚШ долларымен жиналған қаржы үлесі 60 млрд долларға шамасында. Жіктер болсам, заңды тұлғалардың банктегі қаражаты 190 млн долларға азайып, 46,9 млрд-қа жеткен. Жеке тұлғалардыкі 12,7 млрд долларды құрады. Бұл 110 млн долларға аз. Мамандардың пікірінше, депозиттердің бұлай азаюына вонның долларға шаққандағы бағамының өсуі себеп. Естеріңізге салайын, шілденің соңында 1 доллар 1183,1 вонды құрады.

Қазақстан қор биржасында 1 доллар 386 теңге 83 тиынға бағаланған.

Хабар 24 телеарнасы