387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зейнетақы қорынан Әзербайжан банкіне құйылған қаржы қайтарылды

  • 373
  • UPD: 11:51, 21.08.2019

Әзербайжанның құнды қағаздарына құйылған Қазақстанның зейнетақы қорының қаржысы толық қайтарылды.

Бұл туралы Ұлттық банкке сілтеме жасаған LS агенттігі хабарлады.

«Биылғы жылдың бірінші жарты жылдығында облигациялардың барлығы сатылды» деп жазады ведомство. Жалпы Әзербайжан халықаралық банкінің құнды қағаздарына құйылған инвестициядан 40 миллион доллардан астам пайда түскен. Еске салсақ, 2014 жылдың қазан айында банкротқа ұшыраған Әзербайжан халықаралық банкіне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 71,3 миллиард теңге құйылған болатын. Бұл қаржы 2024 жылға дейін инвестицияланған. 

Өзге тақырыптарға ойыссақ. Қазақстандық банктер тау-кен өндірісін несиелендіруге дайын. Бұл туралы finprom.kz сараптама агенттігі хабарлады. Тау-кен өндірісі мен карьерлерді қазу  саласына берілетін қарыз бір жылда 12 процентке өскен. Ал қайта өңдеу сегментінде бұл көрсеткіш 4 процентке азайған. Жалпы соңғы үш жылда өнеркәсіпті несиелендіру қарқынды жүргізілуде.  Биыл шілде айында саладағы портфель көлемі 1,8 триллион теңгені құраған.  Соңғы алты жыл қатарынан өнекәсіптің энергетика, сумен қамтамасыз ету сынды салаларындағы несиелелендіру қарқыны да оң нәтиже беріп келеді. Ал өнеркәсіптің несиелік портфелінің қысқаруы өңдеу сегментін несиелендірудің әлсіреуінен болған. Несие портфелі қысқарғанымен салада мерзімі өткен қарыздардың көлемі бірден 14,2 процентке артқан. 

2018 жылдың басында әлемде 1,8 миллиард мұсылман тұрады деп тіркелген. Болжам бойынша 2060 жылы бұл көрсеткіш 3 миллирдқа жетеді. Бұл туралы energyprom.kz сараптама агенттігі хабарлады. Мұсылмандар саны артқан сайын олар тұтынатын тауарларға деген сұрнаныс та сәйкесінше көбейеді. Ендігі төрт жылда халал-өнімдер көлемі 6% процентке ұлғаяды деп күтілуде. Халал азық-түліктерді ең көп пайдаланатын ел Индонезия. Ондағы осындай өнімдерге кеткен шығын көлемі 170 миллиард долларды құраған. Екінші және үшінші орындарда Түркия және Пәкістан мемлекеттері. Бестікке Мысыр елі мен Бангладеш кірді. 

Халал өнімдерді сертификаттау бойынша әлемде арнайы бекітілген ортақ талап жоқ. Мамандардың айтуынша, бұл саланың дамуын тежейтін басты проблемалардың бірі. Себебі әр елде халал өнімдерді сертификаттайтын өз мекемелері бар. Қазір дүниежүзі бойынша 120-дан астам сертификаттаушы орган тіркелген. Олардың талаптарының әртүрлі болуы, халал өнімдердің халықаралық саудасына кедергі келтіреді.  Дегенмен, халал өнімдерін тұтынушылардың қатарында өзге діннің өкілдері немесе мүлдем діннен аулақ адамдар да кездеседі. Мұндай тұтынушылар «халал» сертификаттарын сапа кепілі ретінде қабылдайды. Ал отандық сарапшылар бұл саладағы өндірісті дамыту Қазақстан экономикасы үшін тиімді бағыттардың бірі деп есептейді. Қазіргі таңда елімізде 600-ге жуық отандық және 50 шетелдік компания «Халал» сертификатын алған.

Хабар 24 телеарнасы