387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

  • 337
  • UPD: 12:06, 22.08.2019

Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды.

Бұл туралы еліміздің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

18 тамыздан бастап Республика аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге жарты жылға шектеу қойылды. Хабарлама Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы бұйрығына негізделген.

Айта кетейік, егер Еуразиялық одақ елдерінде экспортталатын ағаш тауарлар кедендік рәсім бойынша тіркелсе және Қазақстан аумағы арқылы басқа елдерге транзитпен өтетін болса, шектеу қойылмайды. Сонымен қатар тауарларды транзиттеу кезінде оларды басқа көлік құралдарына тиеп, партияларды бөлшектеу Тараптар мемлекеттерінің кеден органдары айқындаған жерде жүргізіледі.

 

Әлемде алтын арзандай бастады

Аптаның басында COMEX тауар биржасында алтынның бір троя унциясы 1516 долларға саудаланған. Ал өткен аптада құнды металл құны 1523 долларды құраған. Жалпы жыл басынан бергі ең үлкен өсім тамыздың ортасында тіркелген. Ал сәуір айында алтын бағасы ең төмен көрсеткішке жетіп, 1300 доллар шамасында саудаланған. «Баға арзандағанымен, алтынға деген сұраныс азаймайды», - дейді халықаралық сарапшылар. Мамандар мұны АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы салдарынан туындайтын, әлемдегі сақтандыру активтеріне деген сұраныстың артуымен байланыстырады. Ал Ұлттық банк ақапаратына сай Қазақстанда алтынның бір грамы 18600 теңгеге бағаланған.

 

2021 жылға қарай әлемдегі компаниялардың 40%-тен астамы жасанды интеллект пен машиналық оқытуға көшеді.

Зерттеушілердің мұндай тұжырымға келуіне не себеп болды?

Сарапшылардың пайымдауынша, компаниялар алаяқтықпен күресу үшін осындай әрекетке баруға дайын. Себебі кибершабуылдар экономикаға теріс әсер етеді.

Алаяқтыққа байланысты қылмыстар Қазақстан экономикасына үлкен қауіп төндіреді. Алаяқтардың шабуылдары бизнеске де, мемлекеттік секторға да миллиондаған теңге көлемінде шығын келтіреді. Сондықтан компаниялар мұндай әрекеттердің алдын алуға тырысады. 7kun порталының хабарлауынша, зерттелген респонденттердің 13%-і алаяқтыққа қарсы бағдарламалау жүйелерін пайдаланады. Ал 25%-і қауіпсіздік жүйелерін алдағы бір-екі жылда енгізуді жоспарлап отыр. Бизнесті қолдау һәм қорғау үшін соңғы технологиялардың бірнеше бағыты пайдаланылады. Мысалы, әлемдегі бизнес секторындағы ұйымдардың жартысында сараптама жасау қызметі жұмыс істейді. Бұдан бөлек, компанияларда деректерді визуализациялау үрдісі 12%-ке артқан. Алаяқтықпен күресте машиналық оқыту мен алдын ала талдаулар жүйесін қолдану ҚР аумағында да байқалады. Еліміздегі геоақпараттық жүйелерінің мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанда 10 мыңнан астам алаяқтық оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,25%-ке аз.

 

Қазақстан қор биржасында доллар құны 386 теңге 4 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 387-388 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы