387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй сүріледі

  • 470
  • UPD: 13:58, 26.08.2019

Отандық туризм саласында жұмыспен қамтылғандар санын 650 мың адамға жеткізу керек.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жұмада ұлт бесігі – Ұлытауға барған жұмыс сапары кезінде осындай тапсырма қойды. Жоспар жүзеге асса, туризмнің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 8% жетеді. Сырттан келетін туристер саны 9 млн, ал ішкі туристер саны 8 млн адам болады.

Қазақстанның жақын болашақта алыс және жақын маңдағы елдер үшін ең тартымды орындардың біріне және этнотуризмнің орталығына айналу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде өткен «Ұлытау – 2019» Халықаралық туристік форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент сөзінде креативті және инновациялық шешімдердің көмегімен Қазақстанның туристік әлеуетінің ақпараттық қолжетімділігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету керектігін жеткізді.

Елордада құрылысы 10 жылға созылған тұрғын үй сүріледі

Елордада құрылысы 10 жылға созылған «Территория комфорта-1» тұрғын үйі сүріледі. Бұл туралы өткен аптада бас шаһар әкімі Алтай Көлгінов Қоғамдық кеңес барысында айтты. Бұл ретте қала басшысы құрылысы толық бітпеген нысандардың бірін мысалға келтірді. Оның айтуынша, апатты құрылыс төңіректе орналасқан үйлердің тұрғындары үшін қауіпті. Нысанның қашан сүрілетіндігіне қатысты сұрағына әкім: «Таяу уақытта біз оны қарастырамыз. Себебі, азаматтарымыздың қауіпсіздік мәселесі біз үшін бірінші орында», - деді.

Елдің «Moody's» несиелік рейтингінде көрсеткіші жақсарды

«Moody's Investors Service» Қазақстан эмитентінің жергілікті және шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді рейтингтерін «Baa3» деңгейінде бағалап, өз болжамын «тұрақтыдан» «позитивтіге» көтерді. Бұл туралы Kase.kz сайтында жазылған. Сайттың хабарлауынша, Қазақстан үшін жергілікті валютадағы облигациялар мен депозиттердің ұзақ мерзімді рейтингтері бұрынғысынша «Baa1» деңгейінде қалып отыр.

«Қарапайым заттар экономикасына» 600 млрд теңге бөлінді

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 600 млрд теңге бөлінген. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жұмада Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Индустриялық-инновациялық даму туралы» кеңесте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр «Қарапайым заттар экономикасының» қалай дамып жатқанын баяндады. Жоғарыда аталған қаражаттың 100 млрд теңгесі ауылшуаршылық өнімдерді қайта өңдеуге, 100 млрд теңге өндірістегі «қарапайым заттар» үлесін арттыруға, қалған 400 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтерге бағытталған.

Әлемдік мұнай бағасы түсті

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сауда қорытындысы бойынша мұнай арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сауда қорытындысы бойынша Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны Лондонның Ice Futures биржасында қазан айындағы жеткізілімдер бойынша 1 доллар 11 центке түсіп, барреліне 58 доллар 94 центті құрады. WTI маркілі мұнай құны Нью-Йорк тауар биржасында қазан айындағы жеткізілімдер бойынша 1 доллар 18 центке түсіп, барреліне 54 доллар 17 центке тең болды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы – 386 теңге 34 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 387-388 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы