387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қолма-қол ақша көлемі артты

  • 263
  • UPD: 10:56, 27.08.2019

Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, шілде айында қолма-қол ақшаны, ликвидті теңге депозиттерін қамтитын М1 ақша агрегаты 1,4%-ке дейін азайып, 5 трлн 586 млрд теңгені құраған.

Қолма-қол ақшаларды, ликвидті теңге депозиттерін, ликвидті валюталық депозиттердің барлығын қамтитын М2 индикаторы керісінше 2,6%-ке өсіп, 14 трлн 923 млрд теңге болған. Ақша массасы 1,6%-ке қысқарып, 19 трлн 847 млрд теңгеге жетті. Ақша базасы шілде айында 11,5%-ке жоғарылап, 7 трлн 78 млрд теңгеге тең болған. Екінші деңгейлі банктер және басқа да ұйымдардың Ұлттық банктегі депозиттерінің көлемі 18,7%-ке өсіп, 4 трлн 515 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Елімізде бүгінге дейін шамамен 3 млн 364 мың тонна астық бастырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне сай, есепті кезеңде диқандар 2 млн 685 мың га алқапты орған. Бұл барлық өңірлерге тиесілі егістіктің 17,6 процентін қамтиды. Орташа өнімділік әр гектарға 12,5 центнерден келеді.

«2018 жылдың аталған кезеңінде 1 млн 323 мың 500 га алқап орылған болатын. Ол кезде орташа өнімділік гектарына 15,5 центнерді құраған» делінген министрлік ұсынған мәліметте. Биыл диқандар жалпы аумағы 15 млн 214 мың гектар болатын алқаптан астық жинап үлгеруі қажет. Өткен жылы егіс көлемі 15 млн 8 мың гектар болған.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы жиын-терін науқанының қорытындысы бойынша 22 млн 810 мың тонна астық бастырылып, орташа өнімділік гектарына 15,1 центнерді құраған болатын. 

Ал Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығының себебі анықталды. Облыста сұйытылған газ өндіретін екі зауыт жөндеуден өткен. Сол аралықта облыс орталығында газ тапшылығы сезілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облысының ішкі нарық сұранысын қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі тамыз айында 9 мың 900 тонна сұйытылған газ бөлді. Бұл аталған өңір үшін жеткілікті. Себебі тәулігіне 340 тонна газ қажет. Айта кетейік, сұйытылған газ облыстағы газ бекеттерінде талонға сатылды. Ал қазіргі кезде күн сайын 420 тонна сұйытылған газ облыс орталығына жеткізіліп жатыр.

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы сауда қорытындысы бойынша мұнай бағасы түскен. Brent маркалы мұнайдың қазан айына жоспарланған болжамдық құны Лондонның Ice Futures биржасында 7 центке түсіп, барреліне 58 долларды 87 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 56 центке арзандап, бір баррелі 53 доллар 64 центке тең болды.

Хабар 24 телеарнасы