387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі екінші деңгейлі банктер өз бөлімшелерін қысқартып жатыр

  • 324
  • UPD: 10:54, 29.08.2019

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер өз бөлімшелерін қысқартып жатыр.

Есесіне банкоматтар желісі 11,5 пайызға артып, қосымша 11 мың ақша шешу құрылғысы пайдалануға берілді. 

Қазір ел аумағында 1915 екінші деңгейлі банк бөлімшесі жұмыс істеп тұр. Бөлімшелерін қысқартқан банктердің көшін көпшілік сеніміне ие Каспи банк бастаған. Олар бірден 18 филиалын тарқатып үлгерді. Бірақ алаңдауға негіз жоқ. Себебі қаржы ұйымы банкоматтарды көбейтіп отыр. Екінші орында «Халық банк».

Оңтүстік Кореяда отандық өндірушілерге қолдау көрсетіледі. 2022 жылға дейін ел Үкіметі мен демократиялық партия 5 трлн вон бөлмекші. Салаға 4,11 млрд доллар көлеміндегі қаражатты бағыттауға Жапониямен арадағы тауарлық шектеулердің орын алуы себеп. Таң самалы елі қарсы тарапқа тәуелділіктен арылу үшін өндіріс үлесін арттыру қажет 100 тауарды белгілеп алды. Бұған қоса, мемлекет 1,58 млрд доллар, яғни 1,92 трлн вонды 3 зерттеу жобасына бағыттамақшы. Айтпақшы, Оңтүстік Корея билігі дүниежүзілік сауда ұйымына тауарлық шектеулерге қатысты шағым дайындауда. Оңтүстік Корея мен Жапония арасындағы сауда соғысы 2 тамызда басталған болатын.

Бұл елдердегі сауда соғысын бақылау, әрине қызық. АҚШ-тың бұрынғы елшісі Клет Виллемс әлемдегі ірі державалардан қолдау күтіп отыр. Оның айтуынша, Жапония, Франция, Ұлыбритания сияқты алпауыттардың демеуіне қарай, сауда тартысының барысы айқындалады. «Әзірге бұл мемлекеттердің тысқары болуы қос тарапқа да тиімсіз. Әйтпесе, келтірілген шектеулердің әсері аталған елдерге тиіп жатқаны рас», дейді ол. Естеріңізге салайын, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының жалғасып келе жатқанына 1,5 жыл болды.

Шетелге саяхаттап баратын азаматтарға аз-маз кеңес. Жүргізілген зерттеуге сай кей қалаларда автобустан гөрі, жалға берілетін көлікпен қатынау тиімді. Мысалы Римдегі қоғамдық көлікке 640 теңге төлесеңіз, Мадридте 645 теңге. Ал таксимен 10 шақырым жүргеніңіз үшін, 7400 теңге дайындауыңыз керек. Мадридтегі сапар 5790 теңге болады. Қос бағытта көлікті 1 тәулікке жалға алу құны – шамамен 7000 теңге. Айтпақшы, ақылы тұрақтарды пайдаланғаныңыз үшін қосымша қаржы шығындайтыныңызды ұмытпаңыз. Жалпы мамандар қалааралық қатынас үшін осы жалға берілетін көліктерді пайдалануға кеңес береді. Мысалы, Мадридтен Барселонаға автобуспен бару құны 20 880 теңгені құраса, көлікті 5800 теңгеге ғана жалдауыңызға болады. Ал Түркия, Грекия, Кипрде керісінше, қалааралық автобуспен қатынау тиімді. Мысалы, Антальядан Ыстамбұлға бар-жоғы 9800 теңгеге баруға болады. Мехико, Панама, Бухарестке саяхаттап барсаңыз, қоғамдық көлікпен жүруге кеңес беремін. Себебі жолақы арзан. Мысалы автобус 120 теңгенің айналасында болса, такси – 750 теңге.

Жыл басынан бері еліміздегі валюта айырбастау бекеттерінде сатылған Ресей рублінің құны 307,7 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда 16,8% аз. Мамандардың айтуынша, Ресеймен шекаралас аймақтарда көрсеткіш айтарлықтай. Бұл – Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары. Ал Нұр-Сұлтан мен Алматыда нетто сатылым көлемі екі есеге азайып кеткен.

Ал Қазақстан қор биржасындағы доллардың орташа бағамына тоқталсақ, қазір бір доллар 387 теңге 55 тиын шамасында.

Хабар 24 телеарнасы