387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2025 жылы ЖІӨ тұрақты өсімін 5%-ке өсіруге болады – Қ.Тоқаев

  • 304
  • UPD: 12:01, 03.09.2019

2025 жылы жалпы ішкі өнімнің тұрақты өсімін 5%-ке өсіруге болады.

Бұл туралы күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында айтты. Сондай-ақ президент жолаушылар үшін ішкі бағыттардың қолжетімділігін арттыру туралы сөз етті.

Ішкі бағыттарда қатынайтын пойыз бен әуе рейстерінің билет бағасын қолжетімді ету керек. Күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында аталған мәселені тез арада шешу қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты жиі орындалатын әуе рейстерінің осы аптадағы орташа бағасына шолу жасай келе, Ақтау мен Шымкент арасында қатынау құны ең жоғары екені анықталды. Отандық әуе компаниялары аталған қызмет түрін кісі басына 50-90 мың теңгеге ұсынып отыр. Артынша Алматы мен Ақтау бағыты 40-60 мың теңге аралығында. Ал, елорда мен Ақтау арасындағы әуе рейсінің құны 50 мың теңгеге дейін барады.

2025 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5%-ке жеткізуге болады. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың дамуына тың серпін беру үшін Үкімет пен Президент Әкімшілігі отандық және шетелдік сарапшылардың барлық жұмыстарын мұқият саралауы қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы «Ұлттық қор қаражатының ағымдағы мәселелерді шешуге жұмсалуын қысқарту қажет», деді. Президенттің айтуынша, кепілдендірілген трансферт көлемі 2022 жылдан бастап бірте-бірте 2 трлн теңгеге дейін азаюы тиіс.

 

Өңірлердің ел экономикасына қосып жатқан үлесі артуда

Өңірлердің ел экономикасына қосқан үлесі артып келеді. «Даму» кәсіпкерлік дамыту қоры жариялаған өткен жылғы көрсеткішке көз жүгіртсек, оң динамика байқалады. Мәселен, отандық шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құн салығының көлемі бойынша көш басына Алматы қаласы жайғасқан. Мегаполис ел бюджетіне 4 трлн 684 млрд теңге кіріс түсірген. Ізінше елорда келеді - 3 трлн 230 млрд теңге. Үштікті Атырау облысы 1 трлн 478 млрд теңгемен түйіндеп тұр. Алғашқы бестікке Батыс Қазақстан облысы мен Маңғыстау өңірі еніп отыр. Артынша, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстары келеді.

 

Әлемдік мұнай бағасы құбылмалы

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында кешегі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы қара алтын бағасы 1 доллар 82 центке түсіп, барреліне 58 доллар 61 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 2 қыркүйек күні АҚШ-тың ұлттық мейрамы Еңбек күні аталып өткендіктен, сауда-саттық жүргізілген жоқ.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 388 теңге 7 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 390 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы