387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде өнеркәсіптік өнімдердің бағасы 3% қымбаттаған

  • 275
  • UPD: 10:55, 04.09.2019

Елде өнеркәсіптік өнімдердің бағасы шамамен 3% қымбаттаған.

Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады. Мәселен, бағаның кен өндіру өнеркәсібінде 3,5%, ал өңдеу өнеркәсібінде 4,1% өскені байқалды.

Өнеркәсіптік өнімдердің бағасы ағымдағы жылдың сегіз айында  3,1% қымбаттады. Мәселен, өнеркәсіптік өнімдер 3,3%, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 0,8% өсті. Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағмұнайасы көмірге шамамен 10%, металл кендеріне 5,3%, мұнайға 3 жарым, табиғи газға 1,6%, дизель отынына 1% жоғарыласа, бензин шамамен 9%, сұйытылған пропан мен бутан 1,2% түскен делінген Статистика комитетінің баспасөз хабарламасында. Сондай-ақ қара бидай ұны 24%, бидай ұны 15%, күріш 18%, жармалар 12%, макарон өнімдері 10%, мал еті 8 жарым, құс еті 1,2%, нан 6%, шай 3 жарым, сүт өнімдері 3,2%, өсімдік майы бағалары 2,6% жоғарылап, қант бағасы керісінше 0,3% арзандаған.

Елде азық-түлік бағасы 9% өскен

Тамыз айындағы азық-түлік бағасы өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 9% өскен, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. Есепті кезеңде тоқаш өнімдері мен дәнді дақылдар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар мен алкоголь өнімдері қымбаттаса, жаңа піскен жеміс бағасы арзандаған. Биылғы жылдың тамыз айында күріштің орташа бағасы келісі үшін 374 теңгені құраса, өткен жылдың осы кезеңінде 306 теңге болған. Ал қарақұмықтың бағасы биыл 241 теңге, былтыр 14 теңгеге қымбат болатын. Ет және ет өнімдерінен сиырдың жауырын-кеуде бөлігінің бағасы биыл тамыз айында келісі үшін 1 мың 713 теңгені құраса, былтыр мың жарым теңгені құраған.

Премьер-Министр Асқар Мамин кеше Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен облыс әкімдеріне егін орағын сапалы жүргізуді міндеттеді. Өз сөзінде Үкімет басшысы егін ору жұмысын сапалы өткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Әлемдік мұнай бағасы түсті

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында өткен аптадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында қазан айында жеткізілетін Brent маркалы қара алтын бағасы 34 центке түсіп, барреліне 58 доллар 27 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қазан айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 1 доллар 16 центке арзандап, бір баррелі 53 доллар 94 центке тең болды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы – 388 теңге 28 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 390 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы