386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бір жыл ішінде тұрғын үй бағасы 7,2% қымбаттаған

  • 327
  • UPD: 12:17, 06.09.2019

Елімізде пәтерлердің орташа бағасы өсіп келеді. Өткен айда 12 қаладағы тұрғын үй құны шарықтағаны байқалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, павлодарлықтар үшін баспаналы болу бақыты қымбатқа түсті.

Тұрғын үй бағасы арзандау өңірлер жайлы айтып өтейік. Қазір Ақтау мен Атыраудан шаршы метрі 200 мың және 251 мың теңгелік пәтер табуға болады. Бұл былтырғыға қарағанда 0,5%-ке арзан. Сәлден кейін жалғастырамын.

Елімізде бір жыл ішінде тұрғын үй бағасы 7,2%-ке қымбаттаған. Өткен айда ғана Павлодардағы баға рекордтық көрсеткішке жетті.

Пәтердің бір шаршы метрі 3,5%-ке өсіп, 185 025 теңгеге бағаланған. Талдықорғанда да баспана ақысы қымбат, сәуірден бері 189 100 теңгеге сатылып жатыр. Ал еліміздің шығысы Семей мен Өскемендегі орташа өсім 1,2  және 2,3%-ті құрады. Яғни тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 175 мың мен 195 мың теңгеден асқан. Өсім Петропавл, Қарағанды, Алматы, Көкшетау да байқалады. Қазір елордада пәтердің бір шаршы метрі шамамен 334 мың теңгеге бағалануда. Бір жыл ішінде Петропавл, Өскемен, Шымкент, Алматы, Талдықорғандағы өсім 12-15%-ті құраған. Сарапшылар бағаның өсуін олар долларға тәуелділікпен байланыстырады.

 

Әлемдегі дақылдар қоры 847 млн тоннаға жетеді

Келер жылы әлемдегі дәнді-дақылдарды тұтыну рекордтық көрсеткішке жетеді. БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының болжамынша, 2,7 млн тонна өнім қажет. Әсіресе, күріш, бидай, жүгері мен арпаға сұраныс артуы мүмкін. Мамандар 2020 жылға қарай әлемдегі дақылдар қоры 847 млн тоннаға жетеді деп болжайды. АҚШ халқы жүгеріні көп тұтынса, Қытай бидайды жинауға ниетті. Ұйым мүшелері «дәнді-дақылдардың әлемдік сатылымы 425 млн тонна көлемінде болады» дейді. Жалпы биыл дүниежүзіндегі дақылдар өндірісі 22 млн тоннаға жетуі керек.

 

Тәжікстан бидай өндірісін ұлғайтпақ

Ал Тәжікстандағы ұн бағасы жыл басынан бері 5 рет қымбаттаған. Естеріңізге салайық, елдегі нан өндірісі Қазақстаннан алынған ұнға тәуелді. Импортталатын бір қап өнім құны бұған дейін 180-185 сомониге, яғни шамамен 7400 теңгеге бағаланып келсе, қыркүйектің басында 210 сомониге, біздіңше 8142 теңгеге жетті. Кәсіпкерлердің шығынға батқысы жоқ. Олардың айтуынша, еліміз ұнды қымбат бағаға шығарып отыр. «Бұған Қазақстандағы бидайдың тапшылығы себеп» дейді. Қазір Тәжікстандағы антимонополиялық қызмет сыртқы және ішкі факторларды екшеп, бидай бағасының неге қымбаттағанын анықтамақ. Бүгінде еліміз тәжіктерге ұн жіберіп отырған жалғыз мемлекет. Олар жылына 2 млн тонна бидайды тұтынса, ішкі өндіріс оның жартысына да жетпейді. Жыл басынан бері Қазақстан тәжіктерге 500 мың тонна бидай жөнелткен. Енді Тәжікстан өз өндірісін ұлғайтпақ ниетте.

 

Қазақстанның туристік әлеуетін Бүкіләлемдік экономикалық форум жоғары бағалады

140 мемлекеттен тұратын рейтингте еліміз 80-орынға тұрақтаған. Бұл ТМД елдері арасындағы үшінші тұғыр. Ал топтық рейтингте Қазақстан Ямайка, Шри-Ланка, Украина, Армения, Намибимен 17 орынды бөлісті. Ортақ көрсеткіш 3,7 ұпай.  Бағалық бәсекеде еліміз 4, «Денсаулық және гигиена» бойынша 12, бизнес алаң жөнінен 49-орынды місе тұттық. Мамандар көрсеткішті жақсарту бағытында жүйелі жұмыс істемек.

Жыл басынан бері еліміздегі сақтандыру ұйымдарының активі 7,6%-ке артып, 1,2 млрд теңгеге жеткен. Қазір қазақстандықтарға 27 сақтандыру компаниясы қызмет көрсетеді. Олардың міндеттемелері 613 млрд теңгеге көбейген. Жеке капитал 513 млрд теңгені құрады. Бұл шамамен 10%-тік өсім. Ал елдегі инфляция көлемі 2,8%-ке жетті. Жылдық инфляция көлемі 5,4% деңгейінде қалды.

Қазақстандағы қор биржасында доллардың орташа бағамы  387 теңге 73 тиынды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы