386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да Белоусов кен байыту фабрикасы өз жұмысын тоқтатады

  • 212
  • UPD: 11:26, 09.09.2019

Белоусов кен байыту фабрикасы 1 қарашада өз жұмысын тоқтатады. Бұған не себеп болды? Кеншілердің жағдайы қалай болмақ?

Шығыс Қазақстандағы кен байыту фабрикасында 246 адам жұмыс істейді. Оның 26-сы консервациялау жұмыстарына қатысады. Мамандар қалған жұмысшылармен еңбек шарттарын бұзу кезінде заңнама талаптарына сай қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Белоусов кен байыту фабрикасы жылына 600 мың тонна өнім өңдеуге қауқарлы. Жыл басынан бері мұнда 276 мың тонна кен өңделіп, 3,1 мың тонна концентраттағы мыс, 6 мың тонна концентраттағы мырыш өндірілді. Кәсіпорын 1999 жылы KAZ Minerals тобына енген. Негізінен Ертіс шахтасының кенін өңдейді. 1975 жылы 807 мың тоннасын өңдеп, рекордтық көрсеткіш орнатқан. Іске қосылғанына 70 жылдан асқан кәсіпорын жұмысын тоқтатпай, сату ұсынысы да айтылған. Бірақ тәуекел жасағандар табылмапты. Ал Глубокое ауданында өңделген Ертіс шахтасының кені Николаев кен байыту фабрикасына көшіріледі. Бұл кәсіпорын үш жыл бұрын ауқымды жаңғыртудан өтті. Жұмыссыз қалған кеншілерге компанияның басқа кәсіпорындарында бос орындар болған жағдайда біліктілік деңгейі мен тәжірибесіне қарай келетін жұмыс орындары ұсынылады.

 

Қазақстан экономиканың энергия тиімділігін арттырмақ

Бүгінде еліміз әлемдегі ең көп энергияны қажетсінетін елдердің бірі. Халықаралық энергетикалық агенттіктің хабарлауынша, 147 елдің ішінде 119-шы тұғырдамыз. Ал энергия үнемдеудің орташа әлеуеті 10% болса, бюджеттік секторда 40%- ға жетуі мүмкін. Бүгінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі энергия тиімділігі саласы бойынша заң жобасы тұжырымдамасын әзірледі. Белгілі болғандай, елдегі электр энергиясының негізгі тұтынушысы ретінде электр қозғалтқыштар мен трансформаторлар, ал тұрмыста тоңазытқыштар мен кондиционерлер екен. Қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Ақтөбе қалаларында дисконттық бағдарлама іске қосылды. Оның негізінде ескі тұрмыстық техниканы өткізіп, жаңасына сертификат алу мүмкіндігі бар.

 

ЕАЭО пен Сингапур арасында еркін сауда аумағы құрылады

Мұндай келісімге 1 қазанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте қол қойылады. Ресейдің экономикалық даму вице-министрі Тимур Максимовтың айтуынша, тауар айналымы бағытындағы келіссөздер аяқталды, енді қызмет көрсету мен инвестиция тарту жайы пысықталуда. Бұл келісімдер де жыл соңына дейін мақұлдануы керек. Тимур Максимов келер жылы осы тауар, қызмет көрсету және инвестицияның еркін айналымын қамтамасыз ететін келісімшартқа қол қойылып, ратификацияланатынын хабарлады.

 

Harmony OS: мүмкіндігі қандай?

Huawei компаниясы жеке операциялық жүйесіне негізделген алғашқы девайсын жарыққа шығарды. Смарт-теледидарға қолданылған жаңа жүйе 9 тамыз күні Қытайдағы өндірушілер конференциясында таныстырылды. Ал келешекте смарт-сағат пен ноутбукқа орнатылуы тиіс. Өндірушілер әлем нарығын жаулауға бекініп отыр. Бірақ ол үшін АҚШ үкіметінің елдегі компаниялардың Қытайдағы технология алыптарымен байланыс жасауға тыйым салуы күшіне ену керек. Huawei компаниясының экожүйеге негізделген гаджеттері тартымды, бағасы да қолжетімді.

Қазақстандағы қор биржасында доллардың орташа бағамы 387 теңге 82 тиынды құрайды.

 

Хабар 24 телеарнасы