387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда тойып тамақ ішу әмиянға едәуір салмақ түсіреді

  • 257
  • UPD: 14:08, 11.09.2019

Қытайда соңғы бір ай ішінде азық-түлік тауарлары 3 процентке қымбаттады. Жылдық мәнде 10 процентке жуықтайды. Әсіресе еттің бағасы шарықтаған.

Мәселен, жергілікті жұрт арасында сұранысқа ие доңыз еті бірден екі есеге қымбаттады. Дегенмен жергілікті кәсіпкерлер өндірген тауарлардың құны 0,8 процентке арзандапты. Оған ішкі сұраныстың азаюы себеп болған. Сонымен қатар шикізат құны да біраз арзандаған. Соңғы уақытта Қытайда түсті металлдың бағасы төмендеді. Енді сарапшылар ел билігі қаржылай несие беру талаптарын жеңілдетуі мүмкін деген болжам жасап отыр. 

Қаңтар мен шілде аралығында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 32 процентке артты. Осы аралықта Қазақстанның Қытайға жасаған экспорты 50 процентке артып, 4 жарым миллиард АҚШ долларын құрады. Еліміз негізінен табиғи газ бен мыс, шикі мұнай және катод жөнелтеді. Ал бұл елден телефон аппараттары мен есептеу машиналары және жол құрылысына қажетті техникалар жеткізіледі. Жалпы соңғы жеті айда Қытайдан импорт көлемі 14 процентке артып, 3 жарым миллиард АҚШ долларын құрады. 

Хром өндірісі бойынша Қазақстан әлем елдерінің ішінде алдыңғы  үштікке кірді. Қаңтар мен шілде аралағында елімізде 4 миллион тонна хром өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 6 процентке көп. Ал тізімнің көш басында Оңтүстік  Африка Республикасы тұр. Былтыр 16 миллион тонна көмір өндірген. Екінші орында Түркия, 6 жарым миллион тонна. Үштікті 4,6 миллион тоннамен Қазақстанның өндіріс орындары түйіндеді. Дегенмен хром өндірісі Үндістан да да жақсы дамыған. Олар 2018 жылы 3 жарым миллион тонна хром өндірген. Биыл хром концентраттарын өндіру қарқынды  жүріп жатыр. Жыл басынан бері өндіріс көлемі 2,9 миллион тоннаға жетіп, 5,3 проценттік өсім көрсетті. Америкалық геологиялық зерттеушілердің дерегінше жер бетіндегі хромның 95 проценті Қазақстан аумағында. 

Микро және шағын бизнесті табыс салығынан босату ел бюджетінің түсімдерін 200 миллиард теңгеге кемітеді. Яғни мемлекет қазынасы осынша сомадан қағылады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары әрі Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді. Оның айтуынша микро бизнес - 15 адам жұмыс істейтін, және жылдық табысы 76 миллион теңге болатын кәсіпорын. Ал шағын бизнестегі жұмысшылар саны 100 адамға дейін жетеді жылдық табысы 760 миллионға жуықтайды. Мемлекет басшысының биылғы жолдауындағы тапсырмаға сәйкес келер жылы микро және шағын бизнес субъектілері табыс салығы мен корпоротивті табыс салығынан босатылады. Өткен жылы мұндай табыс салығынан шамамен 190 миллиард теңгедей түсім түсті. Дегенмен министрлік бұл шығындарды салықтық, кедендік әкімшілеуді жақсарту арқылы қайтаруды жоспарлап отыр. 

Жыл басынан бері елімізде жалпы құны 33 миллиард теңгені құрайтын 31 нысан жекешелендірілді. Есептік кезеңде саудаға 62 нысан қойылған. оның тең жартысы сатылды. Қалғаны әлі саудалану үсітнде. 19 нысанды қайта құру немесе жою туралы шешім шығарылған. Сондай -ақ жыл соңына дейін тағы 36 нысан сатылымға шығарылады. Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың  айтуынша 2020-шы жылдың соңына дейін екешелендіру туралы жоспар 100 проуент жүзеге асырылады. Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаттары әлеуметтік нысандарды жекешелендіру дің тиімділігін нақты бақылауға ұстауды сұраған болатын. Олардың айтуынша, қаншама нысан жекенің қолына тапсырылғанымен, мемлекет қазынасына түсім артып жатқан жоқ. 

Елімізде көмір өндірісі кеміді. Қаңтар мен тамыз аралығында өндіріс көлемі 3 процентке азайған. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметтеріне қарағанда жыл басынан бері шахтерлар 68 миллион тонна қаты отын өндірді. Бүгінде оны саудалау басталып кетті. Мәліметтерге қарағанда тұрғындар арасында Шұбаркөл көміріне сұраныс жоғары. Оны ең арзан бағасы Қарағанды облысында тіркелді. Тоннасына 10 мың теңге. Ал Қостанайда дәл осы сұрыптағы көмір 15 мың теңгеден сатылып жатыр. Ал Қыражыра көмірінің бағасы 9 жарым 14 мың теңге аралығында. Айта кетейік, биыл Елорда әкімдігі тұрғындарға қыстың қамын ертерек жасап, көмірді ертерек сатып алуға шақырды. 1 маусым мен 31 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласына шамамен 100 мың тонна көмір жеткізілген. Қала бойынша көмір қоры 20 мың тоннаны құрайды. Егер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырсақ, биыл көмір екі есе көп. Енді бағасына тоқталсақ Шұбаркөлдің тоннасы  12 мың, Қаражыра, 13-14 мың теңге шамасында саудаланып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы