385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 2020 жылы мұнай өндіру көлемі 90 млн тоннаға жетеді

  • 193
  • UPD: 12:37, 13.09.2019

Машина жасау саласын дамытуды көздейтін 2019-2024 жылдарға арналған Жол картасы бойынша отандық машина жасаушы және құраушы кәсіпорындарға бірқатар жеңілдік берілгелі отыр.

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Қазақстан машина жасаушыларының 7-форумында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Аманияз Ержанов айтты.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов саланы кешенді түрде дамыту үшін арнайы «Өнеркәсіптік саясат және өнеркәсіптік даму қорын құру туралы» заң жобасы әзірленетінін атап өтті. «Аталған шаралар жүргізіліп жатқан өнеркәсіптік саясаттың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, шикізаттан дайын өнімге дейінгі нақты өндірістік қатарды қалыптастыруға күш салу керек. Бұл ретте ресейлік тәжірибе бойынша отандық кәсіпорындарды қосымша құн салығынан босату және оларға шикізатты арзан бағамен беру әдісін енгізген жөн болады», - деді ол. Еске сала кетсек, елордада Қазақстан машина жасаушыларының 7-форумы өтіп жатыр. Дәстүрлі форумның өтуіне Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ұйытқы болып отыр. Биыл форум «Машина жасау – Қазақстанды индустрияландыру драйвері» ұранымен өтуде. Жыл сайын форумға Германия, АҚШ, Жапония, Италия, Чехия, Ресей, Қытай және Сингапур елдерінен делегаттар қатысады. Осылайша, отандық кәсіпорындар шетелдік әріптестерімен кездесу өткізіп, тиімді шарттар жасасуға мүмкіндік алып отыр.

Елде электромобиль бөлшектері шығарылуы мүмкін

Келешекте машина жасау саласында электромобиль бөлшектерін шығару трендке айналады. Қазақстан машина жасаушыларының 7-форумында Ұлттық экономика вице-министрі Жаслан Мәдиев осындай болжам айтты. Форум барысында электромобиль нарығына қажет бөлшектер мен құрылғылар шығару отандық машина жасау саласына аса қажет екені айтылды. Мәселен, Tesla компаниясы электромобильге қажет батареяларды Азиядан алдыруға мәжбүр көрінеді. Жылына 500 мың электромобиль шығаруды жоспарлап отырған алпауыт компания 2020 жылы осынша көлемде батарея шығаратын Gigafactory-ды іске қосады.

2024 жылы елде 100 млн тонна мұнай өндіріледі

2020 жылы мұнай өндіру көлемі 90 миллион тоннаға жетеді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде елдің 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын баяндаған Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев мәлім етті. «Мұнай өндіру көлемі 2020 жылы 90 миллион тоннаға, 2024 жылы 100 миллион тоннаға дейін өседі. Өндірудің өсуі «Теңіз», «Қарашығанақ», «Қашаған кен орындарын кеңейту, сондай-ақ теңіздегі кен орындарын пайдалануға беру есебінен болады», - деді вице-министр. Оның атап өтуінше, номиналды жалпы ішкі өнім 2020 жылы 75 триллион теңгені, ал 2024 жылы 106 триллион теңгені құрайды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы – 387 теңге 15 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 389-390 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы