389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан Қазақстанда 1,5 трлн теңге көлемінде зейнетақы төленген

  • 392
  • UPD: 13:18, 16.09.2019

Жыл басынан республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге шамамен 470 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 30 млрд теңгеге жуық қаражат бағытталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан елде 1,5 трлн теңге көлемінде зейнетақы төленді

Биылдың қаңтар айынан тамызға дейін ел бюджетінен базалық зейнетақы төлеуге 469 млрд 900 млн теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне 1 трлн 29 млрд 700 млн теңге бағытталған. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар 2 млн 171 мың 200 адам, ынтымақты зейнетақы төлемдерін шамамен 2 млн 190 мың 100 адам алады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2018 жылғы 1 қыркүйекке 85 мың 679 теңгені құрады. Бұл, алдыңғы жылғы кезеңмен салыстырғанда 5,5%-ға жоғары. 2019 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 миллион 190 мың адамды құрады, оның ішінде 2019 жылы шамамен 43 мың азамат зейнеткерлер қатарын толықтырды.

Ал демалыс күндері елордада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Өңірден құны 60 млн теңгеден астам 500 тонна көлемінде азық-түлік жеткізілді.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында бизнес тап болған кедергілерді жедел жою бойынша жұмыс тобын құру қажет. Бұл туралы елордада Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен диалог алаңы аясында өткен кездесуде «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Евгений Больгерт мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сонымен қатар Больгерт Беларусь пен Ресейден елімізге тауарлар импорты артқанын айтты.

Бұрын хабарланғандай, Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік жөніндегі алқа мүшесі (министрі) Серік Жұманғарин одақ аясында сауда ережелерін бұзғандар туралы айтып берді. Сонымен қатар ол кәсіпкерлер үшін біраз кедергі бар екенін және олардың тең жартысы заңсыз екенін атап өтті.

Әлемдік мұнай бағасы өсті

Әлемдік мұнай бағасы күрт өсті. Брент маркалы мұнай құны шамамен 19 процентке жоғарылаған. Ал WTI қара алтыны 11 сатыға өскен. Бұл бірінші кезекте Сауд Арабиясында мұнай өндіру көлемінің екі есе азаюымен байланысты. Аталған елдің әлемдегі ірі мұнай өндеу кешенінде өрт тұтанған. Алдын ала мәлімет бойынша стратегиялық нысандарға қаскөйлер дрон арқылы шабуыл жасаған. Бүгінде қызыл жалын ауыздықталды. Қазіргі таңда салдарды жою мен қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауапкершілікті өз мойнына йемендік хуситтер алып отыр. Олардың айтуынша, жауынгерлері мұнай өндеу зауыттарына 10 ұшу аппаратын жөнелткен. Сауд Арабиясы әзірше қорында жиналған мұнайды саудалап жатыр. Егер зауыттар уақытылы қалпына келтірілмесе, қара алтын бағасы кем дегенде 15-20 долларға шарықтап кетуі мүмкін. Осылайша, бір ай ішінде баррель құны 100 долларға дейін баруы ықтимал.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы – 386 теңге 71 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 388-389 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы