389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде салықтық рақымшылық жасалатындардың тізімі бекітілді

  • 405
  • UPD: 12:40, 18.09.2019

Салықтық рақымшылық аясында еліміздегі жеке тұлғалардың 3,5 миллиард теңге қарызы төленді.

Биыл салықтық рақымшылыққа 1,4 миллион адам іліккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті осындай ақпаратпен бөлісті.

Биыл салықтық рақымшылық шамамен 1,4 миллион адамды қамтыды. Егер олар 13,9 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қарызын төлеген жағдайда, 6,3 миллиард теңге айыппұлдары есептен шығарылатын болады. Қазір бұл бағдарламаға кірген жеке тұлғалардың тізімі бекітілді. Оған жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, 15 жыл бұрын пайда болған қате салықтық берешегі бар азаматтар кірген. Ведомство ақпаратына сәйкес қарызы 100 миллион теңге болатын үш мыңға жуық салық төлеушінің салығы есептен шығарылуы тиіс. Бұл қарыздардың жартысынан көбі негізгі салық болса, қалғаны үстіне қосылған айыппұлдар. Салық міндеттемелерін орындауда Алматы қаласы (35 111 адам), Қостанай (27 587 адам ) және Түркістан (12 777 адам) облыстары көш бастап тұр. Ал салық төлеудегі белсенділігі төмен өңірлер  Солтүстік Қазақстан облысы (3700 адам ), Батыс Қазақстан облысы (1999 адам) және Қызылорда облысында (1549 мың адам)

 

Қазақстандықтар азық-түлікке 2,2 трлн теңге жұмсаған

Биыл жеті айда еліміздегі бөлшек сауда айналымы 7 трлн теңгеден асты. Саладағы өсім бірден байқалады. Себебі көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ке ұлғайған. Сауда айналымындағы азық-түлік тауарларының үлесі шамамен 32% құрайды. Қаржыға шаққанда бұл 2,2 трлн теңгеге жуық сома. Яғни, қазақстандықтар осындай қаржыға азық-түлік сатып алған. Сауда айналымының қалған бөлігін азық-түлік емес тауарлар құрайды. Осы ретте айта кетейік, соңғы сегіз айдың қорытындысына сай бөлшек сауданың басым бөлігі ірі сауда кәсіпорындарына тиесілі. Ал жеке кәсіпкерлер мен қалалық базарлардың үлесі 43%-ке жуықтайды. 2019 жылдың басынан бастап елдегі көтерме сауда көлемі 15 трлн теңгеден асты.

 

Қазақстанға Челябіден 134 тонна өсімдік өнімі қайтарылды

Пайдалануға қауіпті деп танылған 134 тонна өсімдік өнімі Челябіден Қазақстан аумағына қайтарылды. РФ ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметі осылай деп мәлімдеді. 9-15 қыркүйек аралығында Қазақстан мен Қырғызстаннан барған тауарлар Троицк маңындағы «Бугристое» өткізу бекетінде тексерілген. Нәтижесінде Россельхознадзор қызметкерлері Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ фитосанитариялық талаптарына сай келмейтін 7 бұзушылықты анықтаған. Көрші елге 112 тонна бұрыш, 2 тонна ащы бұрыш, сондай-ақ қауын-қарбыз жеткізілген. Бірақ тауар құжаттары Федерацияның өсімдіктер карантині туралы заңнамасына қайшы келген. «Сондықтан, тасымалдаушыларға айыппұл салынып, тауарлар Қазақстан аумағына қайтарылды» делінген хабарламада.

 

Сингапурда экспорт көлемі азайған

Соңғы жарты жылда Сингапурда экспорт көлемі азайған. Өткен айда қара алтын экспорты жылдық мөлшерде 8,9%-ке қысқарған. Елдегі электроника экспорты да жылдық мөлшерде бірден 25,9%-ке түскен. Тамызда Сингапурдың негізгі нарықтарында мұнай экспортының деңгейі төмендеген. Тек Қытайға жіберілетін қара алтын көлемі 38,5%-ке артқан. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетірестері Сингапур экономикасына теріс әсер етуде. Бұған қоса әлемде электронды құралдарға деген сұраныс төмендеген. Ал Азиядағы ең жақсы дамыған мемлекеттер қатарындағы Сингапур экономикасы экспортқа тәуелді.

Қазақстан қор биржасында доллар құны 385 теңге 42 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде  386-387 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы