389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дәрі-дәрмек бағасы неге шарықтап барады

  • 346
  • UPD: 10:48, 19.09.2019

Қазақстанда фармацевтикалық препараттар жарты жылда шамамен 9% қымбаттады.

Дәрі-дәрмек бағасы неге шарықтап барады? Отандық құнды қағаздар нарығындағы ақпарат қаншалықты қорғалған?

Биыл шілде айындағы мәліметтер бойынша дәрі-дәрмек 8,7% қымбаттаған. Отандық дәрі өндірушілер сұранысты қамтуға қаншалықты қауқарлы?

Өткен жылдың шілде айында антибиотиктер, витаминдер, жүрек қантамырларына арналған препараттар және анальгетиктердің бағасы 10% өскен. Бір айта кетерлігі, соңғы жарты жылда елімізде 53 миллиард теңгенің дәрі-дәрмегі шығарылып, өткен жылмен салыстырғанда өндіріс 23% артқан. Десе де, бұл сұранысты толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Мысалы, отандық өндірушілер антибиотиктерге деген сұраныстың 12%, ал витаминдер мен провитаминдерге деген сұраныстың тек 5% қамтамасыз етеді. Сондықтан сала шетелдік компаниялар шығаратын импорттық өнімдерге тәуелді. Фармацевтикалық препараттардың қымбаттауы Қызылорда, Ақмола, Алматы және Маңғыстау облыстарында байқалады.

AIX биржасы халықаралық тексеруден өтті

«Астана» халықаралық қаржы орталығындағы AIX биржасының ақпараттық және киберқауіпсіздік жүйесі халықаралық талаптарға сай. Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады. Сауда алаңының есеп айырысу, тіркеу және депозитарлық қызметтерді қамтитын Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі (ISMS) халықаралық тексеруден сәтті өтіп, сәйкестік сертификатын алған. Израильдің стандарттау институты тарапынан берілген сертификат биржаның киберқауіпсіздігін растайды.

Еске салсақ, AIX сауда алаңы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылған.

AIX – өз инвесторларының, клиенттерінің және серіктестерінің мүдделерін қорғау үшін қажетті шара ретінде өзінің негізгі бизнес-процестері мен ақпараттық ресурстарын сертификаттаған Орталық Азиядағы санаулы ұйымдардың бірі. Біз қол жеткізген сертификаттар AIX сауда алаңы мен құрылған экожүйеге деген сенімнің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, растайтынына сенімдіміз»

АҚШ федералдық резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені төмендетті

АҚШ федералдық резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені тағы төмендетті. Көптеген аналитик болжағандай, пайыздық мөлшерлемені 1,75-2% дейін түсірді. Бұл шешімге байланысты пікір білдірген федералдық резервтік жүйе басшысы Джером Пауэлл АҚШ экономикасында ішкі қауіптің жоқ екенін мәлімдеді. Айта кетейік, биыл АҚШ-тың федералдық резервтік жүйісі пайыздық мөлшерлемені осымен екінші рет төмендетті. Ал монетарлық саясаттағы мұндай өзгерістер инфляцияға, доллар бағамына және жалпы әлемдік экономикаға әсер етеді. Дегенмен сарапшылардың бірі доллар арзандайтынын айтса, бірі америкалық валюта нығая түседі деген болжам жасайды.

«Яндекс.Такси» қызметінің құны бағаланды

«Яндекс.Такси» қызметінің құны 7,3-8,5 миллард долларға бағаланды. Forbes келтірген ақпаратқа сәйкес, ірі инвестициялық банктердің есебінде осындай сома көрсетілген. Жалпы танымал такси қызметінің нарықтағы құны – 12,5 миллард доллар. Bank of America сарапшылары инвестициялық банктердің арасында «Яндекс.Таксиге» ең жоғары баға берген. Бір қызығы, осыдан екі жыл бұрын Uber-мен келісімшарт жасаған кезде компания құны екі есе арзан болған. Алдағы уақытта «Яндекс.Такси» өз акцияларын құнды қағаздар нарығына шығаруды жоспарлап отыр.

Қазақстан қор биржасында доллар құны 386 теңге 82 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 387-388 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы