389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ипотекалық несие беру рекордтық көрсеткішке жетті

  • 432
  • UPD: 13:30, 24.09.2019

Өткен айда елімізде ипотекалық несие беру рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиыны 1,5 трлн теңге қарыз берілген. Несие алушылардың 74%-і өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Қарыз беру бір жылда 15,7%-ке өсіпті. Әсіресе, Нұр-Сұлтан қаласында ипотекаға пәтер алатындар қатары артқан. Оларға 43,3 млрд теңге берілді. Алматыда 24,5 млрд теңге, ал Шыментте 4,5 млрд теңге бөлініпті. Бұл жалпы қарыздың 60%-і. Мамандардың айтуынша, «Баспана хит» пен «7-20-25» бағдарламасына елордалықтар белсенді қатысуда.

 

Қазақстанға тәуелсіздік жылдары 330 млрд АҚШ доллары болатын инвестиция құйылды

Мемлекетке Америка тарапынан 50 млрд доллар түскен. Оның дені мұнай-газ саласына бағытталды.

Өткен жылы ғана АҚШ Қазақстанға 5,34 млрд доллар инвестиция құйды. Бұл – соңғы бес жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Қазақстан АҚШ-пен сауда байланысын орнатқан 79-шы мемлекет. Былтыр ғана екі ел арасындағы сауда-саттық 2,1 млрд доллардан асқан. Қазірдің өзінде көрсеткіш жаман емес. Экспорт 464,7 млрд долларды құраса, импорт 835,4 млрд долларға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ке көп.

Елімізге америкалық көлік, құрал-жабдықтары және көлік бөлшектері әкелінеді. Қазақстандық минералды өнімдер мен химия өндірісі АҚШ-та сұранысқа ие. Бүгінде елімізде 500-ге тарта ортақ компания жұмыс істейді. Былтыр қос тарап арасында 685 млн доллар болатын 6 инвестициялық келісім жасалды. Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылған Астана халықаралық қаржы орталығында жасалып жатқан келісімдер түрлі саладағы мүмкіндіктің зор екенін айғақтайды. Айтпақшы, соңғы бес жылда АҚШ пен Қазақстан арасындағы сауда-инвестициялық қатынас едәуір нығайған.

 

Қытайдағы Tesla компаниясы құрылған сәттен бастап 5 млрд долларды жоғалтқан

Қытайдағы Тесла компаниясы құрылған сәттен осы күнге дейін 5 млрд долларды желге ұшырған. Биылғы жартыжылдықта-ақ ұйым жиыны 2,6 млрд юаньді жоғалтты. Бұл күніне 4 млн доллар деген сөз. 2014 жылы негізі қаланған компанияның шығынға батуына қаржыны тиімсіз пайдалану, әлсіз сауда мен сәтсіз пікірлер себеп болды. Бір жыл бұрын ғана кәсіпорынның нарықтық құны 12 млрд долларға жеткен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. 2017 жылдан бері ел үкіметі электрлі отындық автокөліктер мен гибридті плагиндерді субсидиялауды тоқтатқан. Нәтижесінде Қытайдағы электромобиль өндірісі күрт төмендеп кеткен. Енді мамандар жұмыс күшін 14%-ке азайтуды көздеп отыр. Оның үстіне сатылған көліктердің 20%-і, яғни 4800-ге жуығы кері қайтарылды. Енді Tesla кей өнімдерін басқа компанияға өткізбек. Дегенмен, қытайлық өндірушілер намысқа тырысары анық. Нәтижесінде американдық компаниялар елде сатылатын көліктердің бағасын төмендете алады.

 

Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 385 теңге 9 тиынды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы