389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар осы қыста жылуға қанша төлейді

  • 327
  • UPD: 11:54, 25.09.2019

Елімізде бір жыл ішінде жылу ақысы 14 процентке төмендеді.

Енді қыста тұрғындар жылудың 1 гигакалориясына қанша төлейді.

Биыл орталықтандырылған жылу ақысы 14 процентке арзандады. Қаңтарда Үкімет коммуналдық қызметтің бұл түрін 5,5 процентке төмендетті. Ал ақпанда тағы 8,7 процентке арзандатты. Осылайша 2019 жылдың тамызындағы баға әжептеуір арзандады. Бұған дейін жылу ақысы әрбір жыл сайын шамамен 6 жарым процентке қымбаттап келген еді. Әсіресе 2016 жылдың тамызында бірден 23 процентке артып, 1 гигакалориясы 3714 теңгеге жеткен. Дегенмен биыл оның құны 3 мың 440 теңгеге тең. Өңірлердегі жылу бағасына тоқталар болсақ, бір жылда Көкшетау қаласындағы коммуналдық қызметтің бұл түрі бірден 62 процентке арзандап, мың алты жүз он төрт теңгеге түсті. Сондай-ақ Шымкентте 25 процентке, Талдықорғанда 20 процентке арзандады. Ал жылу ақысы қымбат өңірлердің көш басында Алматы, Шымкент, Атырау қалалары тұр.

Айта кетейік, биыл әлеметтік нысандарды жылыту 1 қазаннан басталады. Ал тұрғын үйлерде 15 қазаннан бастап жылу беріледі. Дегенмен ауа температурасы күрт төмендеген жағдайда жергілікті әкімдіктер жылыту маусымын ертерек бастайды.

Кондитерлік өнімдер қымбаттады

Елімізде кондитерлік өнімдер қымбаттады. Мәселен, қантты піспе нанның бағасы бір жыл ішінде 5,7 процентке көтерілді. Ал пряниктердің құны 8,6 процентке артса, кофеттер жыл ішінде 7,2 процентке қымбаттады. Қымбатшылық әсіресе Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларында байқалады. Сарапшылардың пайымынша, бағаның өсуіне өндірістің азаюы әсер еткен. Өйткені биыл қаңтар мен тамыз аралығында ұннан жасалатын кондитерлік өнімдердің өндірісі 30 пайыздай кеміді. Ал шоколад өндірісі 10 процентке азайған. Сондай-ақ биыл саладағы экспорт көлемі де қысқарған. Қаңтар мен шілде аралығында шет елдерге 26,3 мың тонна қант пен кондитерлік сатылған. Дегенмен бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 66,2 процентке аз. Айта кетейік, Қазақстанда жасалған кондитерлік өнімдер көбіне Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан мемлекеттеріне сатылады.

Флетфай сайтындағы мәліметтерді саралаған сарапшылардың дерегінше, тамыз айында оңтүстік астанадағы бір бөлмелі пәтердің орташа құны 13 жарым миллион теңгеге болды. Ал екі бөлмелілер 19 миллион, үш бөлмелілер 26, төрт бөлмелі пәтерлер 46 миллионға дейін бағаланған. Ал елордадағы бір бөлмелі пәтерлер Алматымен салыстырғанда, бір жарым миллиондай арзан. Үштікті 300 мыңдай тұрғыны бар Атырау түйіндейді. Мұнда бір бөлмелі пәтерлер 8 миллион жүз мың шамасында. Үшінші мегаполис саналатын Шымкентте бір бөлмелі үйді 7 жарым миллионға алуға болады. Ал дәл сондай пәтер Көкшетауда 6 миллион жеті жүз мың теңгеге бағаланған.

АҚШ санкциялары кесірінен Иран $50 млрд пайдадан қағылды

Иран ислам республикасы санкциялардың кесірінен 50 миллиард АҚШ доллары көлемінде пайдадан қағылды. Мұндай мәліметті Америка құрама штаттарының Иран бойынша арнайы өкілі жариялады. Брайн Хуктың айтуынша, бұл – тек мұнай саласындағы шығын. Басқа салаларды қосса, сома бұдан да көп.

Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Иранға алғашқы санкцияны өткен жылдың мамырында салды. Ол кезде Вашингтон ядролық келісімнен бас тартты. Ал Тегеран Брюсселге үміт артқан болаты. Алайда арада бір жыл өткен соң егер Еуроодақ нақты шаралар қабылдамаса, ядролық келісім талаптарын орындаудан бас тартатынын мәлімдеді.

Енді Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамына тоқталсақ. Еліміздің Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам бойынша бір АҚШ доллары 386 теңге 44 тиынды құрады. Айырбастау бөлімшелерінде долларды 385-386 теңгеден сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы