389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет жалпы құны 1,15 млрд еуроға тең облигациялар шығарды

  • 282
  • UPD: 12:04, 30.09.2019

Қаржы министрлігі ел Үкіметі атынан құны 1 млрд еуродан астам облигация шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еурооблигациялар екі айналым арқылы шықты. Біріншісінің айналым мерзімі 7 жыл болса, екіншісінікі 15 жыл.

Сонымен, Қаржы министрлігі Үкімет атынан 1 млрд 150 млн еуро мөлшерінде еурооблигацияларды екі траншпен шығарды. Біріншісі – айналым мерзімі 7 жыл және 0,6% купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 500 млн еуро сомасында. Ал екіншісі – айналым мерзімі 15 жыл және 1,5% купон мөлшерлемесімен номиналдық құны 650 млн еуроға тең. Қазақстанның еурооблигациялар бойынша қарыз алу құны республика үшін, сондай-ақ жалпы ТМД аймағында рекордтық төмен деңгейде қалыптасты. Мәселен, 7 жылдық еурооблигация бойынша купон 0,6% деңгейінде болып, BBB рейтингі категориясындағы дамушы елдер ішінде мемлекеттермен бұрын қалыптастырылған тарихи төмен купондық мөлшерлеме болып саналады. Сондай-ақ екі транштың кірістілігі Қазақстан Республикасының еуро валютасындағы кредиттік рейтингі жоғары дамыған бірқатар басқа дамушы елдердің қатарына кіреді. Бұл Қазақстанда халықаралық инвесторлардың жоғары сенімі мен қызығушылығының бар екенін растайды.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валюталық одақ құру көзделіп отырған жоқ. Бұл жайында Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлім еткен болатын. Ұлттық банк мәліметінше, Еуразиялық интеграцияның негізгі бағыттары 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартпен айқындалады.

«ҚазАқпарат» агенттігі еске салғандай, өткен аптаның ортасында Еуразиялық даму банкінің төрағасы Андрей Бельянинов «Ресей газеті» басылымына берген сұхбатында ЕАЭО үшін бірыңғай валюта шығару туралы, оның атауы мен одақтың болашақ орталық банкінің үлгісі ретінде Еуразиялық даму банкіндегі орны туралы айтқан болатын.

 

Әлемдік мұнай бағасы құбылмалы

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында өткен аптаның соңында жүргізілген сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы түскен, деп хабарлайды Investing.com. Лондондағы ICE Futures биржасында қараша айында жеткізілетін Brent маркалы қара алтын бағасы 8 центке өсіп, барреліне 61 доллар 91 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қараша айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 32 центке арзандап, бір баррелі шамамен 55 доллар 95 центке тең болды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 387 теңге 63 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 388-389 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы