389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» ел қазынасына 50 млрд теңге бағыттамақ

  • 305
  • UPD: 11:18, 04.10.2019

«Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ел қазынасына дивидент ретінде 50 млрд теңге бағыттамақ.

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов 2019 жылғы бюджетті нақтылау жобасында салықтық емес кірістердің 83 мыңға жеткенін айтты. Оның 33 мыңы нақты түсім, қалғаны дивидент есебінен.

Бұған дейін «Самрұқ-Қазына» бюджетке аздау дивидент құйған болатын. Мысалы, былтыр 12 млрд теңге. Еске салайық, Үкімет бюджетті нақтылау барысында атаулы әлеуметтік көмекке қосымша 38 млрд теңге бағыттамақ.

111 нөміріне хабарласып, кеңесіңіз

Елімізде Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес 507 мыңнан аса адамның банк алдындағы берешегі өтелді. Мемлекет тарапынан 630 мыңға жуық қарызды жабу үшін 105 млрд теңге бөлінген. Несиесі кешірілгендердің дені Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында тұрады. Жамбыл, Қызылорда және Шығыс Қазақстанда кешіруге жататын кепілсіз несиелер баршылық. Ал Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында тізімге енген борышкерлер саны аз болып шықты. Мұндағы заемдар 10000 шамасында. Бүгінде арнайы категорияға жататын азаматтардың тізімі қайта жасақталуда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі желтоқсанға дейін Ұлттық банкке тізімге енбей қалған азаматтар жайлы деректерді жібереді. Демек, жыл аяғына дейін қалған борышкерлердің берешегі де өтеледі. Үкімет бұдан кейін несие алушыларға қойылатын талаптарды күшейтуді жоспарлап отыр.

Соңғы бес жылда елімізде қолма-қол ақшасыз төлем 14 есе өсіп, 1,2 трлн теңгені құрады. 2014 жылы бұл көрсеткіш 83 млрд теңге болған. Төлем карталарын қолдану үрдісі 670,2 млрд теңгеден 2,7 трлн теңгеге артты. Ал тамыз айында көпшілік пост-терминалдардың көмегіне көп жүгінген екен. Жиыны 130,4 млн транзакция. Бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 6 есе көп.

Шетелдік дәрі-дәрмекке 514,4 млн доллар жұмсалды

Бірінші жартыжылдықта елімізге сырттан 15,7 млн келі дәрі-дәрмек әкелінген. Оның жалпы құны 514,4 млн доллар. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 процентке көп. Мамандар емдік препараттардың дені Ресейден алынатынын хабарлады. 43,5 млн долларға 5,5 млн кг өнім алдық. Қытайлық дәрі-дәрмек те сұранысқа ие. Аспан асты елінен Қазақстанға 5,5 млн долларға 2,2 млн келі дәрі алынған. Қазақстандықтар Германияның өнімін де жиі тұтынады. 1,3 млн келі дәрі үшін 101,6 млн доллар жұмсадық. Бұл ресейлік препараттардан 2, қытайлық өнімнен 18 есе қымбат. Сондай-ақ Үндістан, Түркия, Франциядан алынған дәрілер елдегі дәріханаларда үлкен сұранысқа ие.

Жаңа смартфонның мүмкіндігі «шектеулі»

Соңғы үлгідегі Huawei смартфондарына Google қосымшаларын орнату мүмкін болмайды. Бұған АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы себеп. Жалпы аспан асты елінің смартфон қолданушылары Google-сыз-ақ күнін көре беретін. Бірақ әлем нарығында бұл қосымшасыз гаджеттер сұраныстан алынуы ықтимал. Компания басшылы қазірдің өзінде 10 млрд доллардан қағылатынын болжады. Бұған дейін киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшы Джон Ву смартфон қолданушыларына Google қосымшаларын қолдан орнатудың сырымен бөліскен. Осы мәлімдемеден кейін қосымша да, сайт та көпшілік үшін қолжетімсіз болып қалды. Оған қоса, жаңа гаджетте Google-дың қауіпсіздік сынағы да орнатылмайды. Бірақ шектеуге дейін аталған қосымшаларды телефонына жүктеп үлгергендер бар. Алайда олар жаңа гаджеттеріндегі ақаулардың жиілегенін алға тартуда.

Аарзан маркалы көліктерге сұраныс көп

Үшінші тоқсанда Tesla Motors-тың акциясы 4 процентке арзандады. Компания постмаркетке 97 мың жаңа көлік орнатқан. Бұл өткен кезеңге қарағанда 2 есе көп. Кәсіпорында 96 мыңнан аса жеңіл көлік өндірілді. Model S пен Model X 250 көлікке аз шығарылған. Сарапшылар бұл көрсеткіш Tesla үшін қауіпті екенін айтады. Себебі аталған маркалардан түсетін кіріс едәуір. Мамандардың айтуынша, кәсіпорын шығынға белшеден батпас үшін арзан маркаларды өндіруді тыюы керек. Айтпақшы, аталған өндіріс ошағы жыл басынан бері 255 мың электрокар шығарды. Меже 400 мыңға жеткізу.

Әлемде брент маркалы мұнай арзандады. Қазір мұндай қара алтынның баррелі 57 доллар шамасында. Бұған Қытайда табылған шикізат қоры себеп. Айта кетейін, Қазақстан алғашқы жартыжылдықта аспан асты еліне 1,2 млн тонна қара алтын сатты. Оның жалпы құны – 609,2 млн доллар.

Қазір бір АҚШ валютасы шамамен 389 теңге 23 тиынды құрайды.

Хабар 24 телеарнасы