389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы ең бай адамдардың жалақысы қандай

  • 388
  • UPD: 12:36, 07.10.2019

Елімізде 12 миллион ересек адам тұрады.

Олардың 96 проценттен астамының жалақысы жылына 10 мың доллардан аспайды. Бұл – әрине қарапайым халықтың табысы. Ал Қазақстандағы ең бай адамдардың жалақысы қандай?

Finprom.kz ақпараттық агенттігнің хабарлауынша, елімізде 162 адам жалпы байлықтың жартысына ие.

Халықтың 96,6 процентінің табысы жылына 10 мың доллардан аспайды. Еліміздегі 326 мың адам бір жылда 10 мың доллардан бастап 100 мың долларға дейін ақша табады. Қазақстандағы 42 мың адамның табысы 100 мыңнан бір миллион долларға дейін жетеді. Сонымен қатар елімізде жылдық табысы 50 миллион долларға дейін жететін тұрғындар бар. Бұл рейтингте ерекше атап өтетін ақпарат, Қазақстандағы 162 адам жалпы байлықтың 55 процентіне ие. Оның ішінде 112 адам жылына 50-ден 80 миллионға дейін, 45 адам - 80-нен 800 миллионға дейін және бес адам екіден үш миллиард долларға дейін табыс табады.

2019 жылдың екінші тоқсанындағы ақпарат бойынша, халықтың орташа табысы 169 мың 500 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 10 процентке артық. Ал аймақтарға жіктесек, ең көп жалақы Алматы қаласында. Ондағы айлық 234 мың теңгеден асады. Жалақысы жоғары өңірлердің қатарында бас қаламыз да бар. Елордалықтардың орташа айлығы – 226 мың теңге. Қарағанды облысы үздік үштікті түйіндейді. Ондағы халықтың орташа табысы – 199 мың теңге. Бұл тізімге Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары кірді. Ал еліміздің сегіз өңірдегі халықтың табысы орташа республикалық есептен төмен. Жалақысы аз аймақтар қатарында Түркістан (100,4 мың), Жамбыл (128,1 мың) және Қызылорда (137,7 мың) облыстары.

Қаржыгерлер жалақының аздығынан жұмыстан кетуде

Компаниялардағы жағдайдың тұрақсыздығынан қаржыгерлер жаппай жұмыстан кетіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан мен Ресей еңбек нарығын зерттерген АССА (дипломы бар сертификатталған бухгалтерлер қауымдастығы) мен HeadHunter хабарлайды. Зерттеуге банк және қаржы саласында жұмыс істейтін 800 адам қатысқан. Сауалнамадан өткендердің 33 проценті жаңа жұмыс іздеп жүргендері анықталған. Респонденттердің мұндай шешіміне компаниялардағы қысқартулар мен жұмыс берушінің банкротқа ұшырауы мүмкін деген ақпарат себеп болған. Ал кейбір компаниялардағы жағдайдың тұрақсыздығы қаржыгерлердің 27% қызметтен кетуіне себеп болған. Сонымен қатар жалақының төмендігінен 43%, кәсіби тұрғыда өсімнің болмауынан саладағы 34% адам жұмыс орнын өзгерткен. Мамандардың айтуынша, қаржыгерлердің қызметтен кетуінің басты себебі еңбекақының аздығы.

Қазақстан ЕАЭО елдерінен сүт импортын азайтқан

Қазақстан биыл Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен 32 миллион долларға сүт пен қоюлатылған сүт импорттаған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11,5 процентке азайған. Негізінен бұл Ресейден келетін өнімдер көлемінің қысқаруынан туындап отыр. Көрші елден импортталатын сүт көлемі 40 процентке азайған. Ал Беларусь мен Қырғыз Республикасынан жіберілетін импорт керісінше 11,6 ұлғайған. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен импортталатын өнімдердің жалпы көлемі ақшаға шаққанда 22 миллион доллардан асқан.

Соңғы ақпарат, Қазақстан қор биржасында доллар құны 388 теңге 89 тиынға тең. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 389 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы