389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бойдақтар отбасылылардан гөрі етті көп жейді

  • 194
  • UPD: 12:07, 08.10.2019

Елімізде бойдақтар отбасылы адамдарға қарағанда етті екі есе көп жейді.

Статистикаға сүйенсек, елімізде бойдақтар орта есеппен төрт айда 36 килограмм ет жесе, екі-үш баласы отбасы мүшелері бұдан екі есе аз ет тұтынады. Соңғы кезде тұрғындар арасында ет өнімдерін тұтыну деңгейі төмендеп, жан басына шаққанда 19 келіні құрады. Еnergyprom агентігінің хабарлауынша, қазақстандықтардың сүйікті асы Қарағанды облысында көп пайдаланылады. Орталықтағы тұрғындар биылғы жылдың екінші тоқсанында жан басына шаққанда 23 килограммға жуық ет жеген. Екінші орында Алматы: 22,5 кг, үшінші – Атырау облысы: 22,4 кг. Халық арасында сиыр етіне сұраныс жоғары. Сонымен қатар тұрғындар фарш және қой етін де жиі пайдаланады. 

Еліміздегі тоғыз әуежайда «ашық аспан» режимін енгізу жоспарлануда. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді. Жүйе Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл және Семей қалаларының әуе кеңістігін қамтиды. Сондай-ақ, қаржы орталықтарына ұшу үшін барлық шетелдік әуекомпанияларына ауа еркіндігінің 5-ші дәрежесі беріледі. Ведомство басшысының хабарлауынша, алдағы уақытта бірқатар шетелдік компания Қазақстан нарығына шығуы мүмкін. Мысалы келер жылдан бастап елімізге Qatar Airways ((Доха 2020 ж.)), Emirates ((Дубай 2021 ж.)), China Eastern ((Шанхай 2021 ж.)), Орал әуе жолдары, Жеңіс және т. б. авиакомпаниялар келеді деп күтілуде. Ал Қазақстандық тасымалдаушылар Шанхай (2020), Сингапур ((2020 ж.)), Нью-Йорк ((2021 ж.)) сияқты ірі қалаларға рейстер ашуды жоспарлап отыр.  Айта кетейік, ашық аспан режимі елімізде 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. 

Адами капиталға қаржы құймаса, Қазақстан болашақ табысының 25% айырылуы мүмкін. Бұл туралы finreview сараптама агенттігі хабарлады. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, экономикалық өсімнің 55% адами капиталға байланысты. 2018 жылы Қазақстанның адами капитал индексі 0,75 мәнін құрап, әлем елдері арасында 31-орынды иеленді. Индекске сәйкес, жаңа туған баланың кәмелеттік жасқа жеткеннен кейінгі еңбек өнімділігі 75% құрайды. Әрине, егер баланың дені сау және толық білім алуына жағдай жасалса ғана болжам іске асады. Сондықтан мамандар адами капиталға қаржы құюға шақырады. «Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына септігін тигізеді» дейді олар.  Жалпы елімізде соңғы он жылда білім беру саласындағы инвестициялар тұрақсыз. Саланы қаржыландырудың ең жоғары көрсеткіші 2017 жылы тіркелген. 2018 жылы инвестициялар 25% – ке қысқарып, 205,3 млрд теңгені құрады. Биыл да бұл көрсеткішттер төмендеген.  Соңғы 7 айдағы инвестициялық салымдар 92,8 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылға қарағанда 11%-ке аз. 

Сауд Арабиясы басқа елден келген үйленбеген жұптарға жергілікті қонақүйлерде бір нөмірге тоқтауға рұқсат берді. Бұрын шетелдіктер тіркеу кезінде некесін растайтын құжатты ұсыну қажет болған.  Айта кетерлігі, бұл өзгерістер Сауд Арабиясының азаматтарына қатысты қолданылмайды.

Еске салсақ, Корольдік билігі 49 елдің азаматтары үшін электрондық визалар енгізгенін хабарлаған. Олардың қатарында Ресей, Литва, Латвия, Эстония, Украина, Қазақстан бар. Сонымен қатар енді жалғыз саяхаттайтын әйелдер де Сауд Арабиясына бара алады. Бұған дейін виза тек кәсіпкерлерге, қажылыққа баратындарға және Сауд Арабиясы аумағында өткен іс-шараларға қатысушыларға берілді. Дегенмен, Ислам дінін ұстанбайтын туристер бұрынғыдай Мекке мен Мединаға бара алмайды. Сондай-ақ, шетелдіктерге және корольдіктің жергілікті тұрғындарына да ішімдік қолдануға тыйым салынады. Басқа елдерден келген туристерге дәстүрлі ұзын жеңді араб көйлегін кимеуге рұқсат етілді. Бірақ шетелдік әйелдер жабық киім кию керек. Бұл ереже жағажайда жүретіндерге де қатысты.

Хабар 24 телеарнасы